Пятница, 30 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНЕ ЗАМАНАУИ ИВЛ АППАРАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНЕ ЗАМАНАУИ ИВЛ АППАРАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 20 мамыр күні Іле аудандық орталық ауруханасында демеушілік көмек аясында заманауи медициналық құрал-жабдықтарды табыстау рәсімі өтті.
Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов ұсынымымен жеке инвесторларды тарту нәтижесінде «L-group» ЖШС аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жалпы құны 68 223 162 теңгені құрайтын VG70 үлгісіндегі 4 өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын өтеусіз негізде табыстады.
Іс-шараға аудан әкімдігі өкілдері, денсаулық сақтау саласының мамандары, аурухана қызметкерлері және демеуші ұйым өкілдері қатысты.
Жаңа медициналық құрал-жабдықтар ауыр жағдайдағы науқастарға көрсетілетін көмектің сапасын арттырып, реанимациялық бөлімнің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Іле аудандық орталық ауруханасы 206 327 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Жыл сайын орта есеппен 1 400 пациент стационарлық ем қабылдап, 3 760 ота жасалады. Сонымен қатар, жыл ішінде шамамен 390 пациент ми инфарктімен, 100-ден астам науқас инсульт диагнозымен ауруханаға жатқызылады.
Аурухананың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жыл сайын шамамен 1 960 пациент өкпені жасанды желдету аппараты арқылы респираторлық қолдау алады. Осыған байланысты заманауи ИВЛ аппараттарымен қамтамасыз ету медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Аталған қолдау аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
 

Другие новости

Когда счет идет на минуты

Когда счет идет на минуты

У врача-хирурга центральной больницы Балхашского р...

  29.10.2026   137
Качественная помощь рядом с домом

Качественная помощь рядом с домом

В сельских округах Уйгурского района разворачивает...

  28.10.2026   202
Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында тұрғындардың психикалық денсаулығ...

  27.10.2026   199
Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігі тура...

  16.10.2026   929
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.