Пятница, 14 Августа 2026

ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалына қарасты «Жас серпін» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Шағанбаев Еркебұлан Қызырханұлы сайланды.
«Жас серпін» бастауыш партия ұйымы негізінен белсенді, білімге құштар жас студенттерден құралған. Ұйым жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруды, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруды және партиялық бастамаларды жастар арасында кеңінен насихаттауды мақсат етеді.
Жаңа төраға Шағанбаев Еркебұлан Қызырханұлы 1992 жылғы 28 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Талас ауылында дүниеге келген. Балалық шағы еңбекпен біте қайнасқан ауыл өмірінде өтіп, адал еңбек пен жауапкершілік құндылықтарын бойына сіңіріп өсті. Ұлты – қазақ.
Білімі мен еңбек жолы да жастар тәрбиесімен тығыз байланысты. 2009 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия-биология факультетіне оқуға түсіп, жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2013–2014 оқу жылында Талғар қаласындағы «Талғар жоғары медициналық колледжінде» биология пәнінің оқытушысы ретінде бастаған. Ұстаздық қызметпен қатар студент жастарды түрлі байқауларға қатыстыру, қамқоршылық және қайырымдылық бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытты.
2021–2023 оқу жылдарында колледж директорының бұйрығымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, жастар тәрбиесі мен білім беру саласында жүйелі жұмыс атқарды. Сонымен қатар қазіргі таңда Алматы облысы «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жастар рухы» кеңесінің мүшесі ретінде өңірдегі жастар саясатын дамытуға өз үлесін қосып келеді.

«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалы

Другие новости

Закон и ответственность

Закон и ответственность

Официальное представление нового председателя Алма...

  31.07.2026   1013
Распоряжением акима Алматинской области Айбол Айбекович Рахимбаев с 19 июня 2026 года назначен руководителем управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области

Распоряжением акима Алматинской области Айбол Айбекович Рахимбаев с 19 июня 2026 года назначен руководителем управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области

Распоряжением акима Алматинской области Айбол Айбе...

  22.06.2026   4832
Распоряжением акима Алматинской области Куаныш Бахытулы назначен на должность заместителя акима Алматинской области

Распоряжением акима Алматинской области Куаныш Бахытулы назначен на должность заместителя акима Алматинской области

Распоряжением акима Алматинской области Куаныш Бах...

  16.06.2026   5747
Ерлан Сыдықұлы Жұрынбаев назначен руководителем ТОО «Өлке тынысы»

Ерлан Сыдықұлы Жұрынбаев назначен руководителем ТОО «Өлке тынысы»

Ерлан Сыдықұлы Жұрынбаев назначен руководителем ТО...

  06.05.2026   10872
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.