Суббота, 06 Сентября 2025

Заң бұзған коммуналдық қызмет көрсету субъектілері жауапқа тартылды

Заң бұзған коммуналдық қызмет көрсету субъектілері жауапқа тартылды

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті су, электр қуаты және газ тарату қызметін көрсететін мекемелер мен жекеменшік субъектілерін жоспардан тыс тексеріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент дерегінше, тұрғындар мен заңды тұлғалардың шағымы бойынша жыл басынан бері «Сигма-ГАЗ» ЖШС, «ЖК Сервис» ЖК, «Есік су» МКК, «Таусамалы қызмет» МКК, «Іле су» МКК, «Балхашэнерго-1» ЖШС, «Аксу-2004» АӨК Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексі және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын сақтауы бойынша жоспартан тыс тексерулер өтті.

Осыған байланысты, жыл басынан бастап «Сигма ГАЗ» ЖШС-не  табиғи монополиялар туралы заңды бұзды деген айыппен жоспардан тыс 3 тексеріс жүргізілген. Тексеріс нәтижесі бойынша 21157945,17 теңге әкімшілік айыппұл салынып, заңсыздықты жою жөнінде нұсқау берілген.

«ЖК Сервис» жеке кәсіпкерлігі уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша қызмет көрсету міндетін орындамағаны анықталған. Бұған қоса ол суды уәкілетті орган бекіткен 1 текше метріне 80,80 теңгеден жеткізудің орнына 150 теңгеден жеткізген. Осының нәтижесінде «ЖК Сервис» 159,9 мың теңге негізсіз табыс тапқан. Сонымен қатар, «ЖК Сервис» 2021 жылы тұтынушылармен қызмет көрсету туралы жеке келісімшарт жасаспағаны, ал 2022 жылы жасасқан келісімшарттары уәкілетті орган бекіткен типтік келісімшартқа сай емес екені анықталып, 2091907 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

«Таусамалы» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны сумен қамту және электр қуатын жеткізу қызметін уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша көрсетпегені анықталып, 2394741 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

2019 жылдың 24 ақпанында «Ақсу-2004» АӨК Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінен шығарылды.

Бұл ретте, «Ақсу-2004» АӨК Заңның 26-бабының 2-тармағы 1,3) тармақшасындағы көрсетілген нормаларын бұза отырып, 01.01.2019 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының шаруа қожалықтары үшін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілмей және бекітілген тарифсіз арналар арқылы су беру қызметтерін ұсынды.

Осылайша, ТМРК Алматы облысы бойынша департаменті ӘҚБтК-нің 164-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-тармағымен негізсіз табысты айқындау үшін тексеру жүргізуші органға құжаттарды ұсынбауына байланысты «Ақсу-2004» АӨК-не қатысты 345 000 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Ал «Есік су құбыры», «Іле су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындары және «Балхашэнерго-1» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі табиғи монополияларды бұзбаған болып шыққан.

 

Другие новости

Фундамент прав и свобод

Фундамент прав и свобод

В живописном этноауле «Гунны» состоялся районный ф...

  29.08.2025   473
В Алматинской области аманатовцы обеспечили 2500 школьников необходимыми принадлежностями

В Алматинской области аманатовцы обеспечили 2500 школьников необходимыми принадлежностями

В этом году в рамках акции планируется охватить ок...

  22.08.2025   969
Вопреки возрасту – в ударном темпе

Вопреки возрасту – в ударном темпе

Старость, как бы мы ее ни отодвигали, рано или поз...

  21.08.2025   943
Делая ставку на волонтерство

Делая ставку на волонтерство

Согласно статистике, в Карасайском районе проживае...

  06.08.2025   1025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.