Суббота, 23 Августа 2025

Алматы облысында 500-ге жуық мемлекеттік ту балкондар мен қоғамдық орындарға ілінеді

Алматы облысында 500-ге жуық мемлекеттік ту балкондар мен қоғамдық орындарға ілінеді

Өңірде Республика күні қарсаңында «Менің елім – менің Туым» акциясы бастау алды. Бұл бастаманы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.

Акция аясында облыс бойынша 500-ге жуық мемлекеттік ту орнатылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта 100-ден астам азамат көк байрақты өз балкондарына іліп, бастаманы қолдап үлгерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысушылар саны күн сайын артып келеді. Аталған акцияның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті күшейтіп, тұрғындардың патриоттық рухын көтеру. Сонымен қатар, акция арқылы қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайту көзделіп отыр.

«Алдағы уақытта облыс аумағында 500-ге жуық мемлекеттік туды көпқабатты тұрғын үйлердің балкондары мен қоғамдық орындарға ілуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде Қонаев қаласының өзінде 30-ға жуық ту ілінді. Оның өзі қала тұрғындар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бұл тек жай ғана акция емес, бұл – елімізге деген сүйіспеншілігіміз бен патриоттық рухымыздың жарқын көрінісі. Әрбір ілінген ту арқылы біз халықтың бірлігін нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуді мақсат етеміз. Барша азаматтарды осы акцияны қолдауға шақырамын», – деді облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі Мират Әшімбаев.

Айта кету керек, акция 25 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында кез келген азамат мемлекеттік туды балконына немесе өз үйінің алдына іліп, акцияға қатыса алады.

Мади Сайдильдин.

Другие новости

В Алматинской области аманатовцы обеспечили 2500 школьников необходимыми принадлежностями

В Алматинской области аманатовцы обеспечили 2500 школьников необходимыми принадлежностями

В этом году в рамках акции планируется охватить ок...

  22.08.2025   185
Вопреки возрасту – в ударном темпе

Вопреки возрасту – в ударном темпе

Старость, как бы мы ее ни отодвигали, рано или поз...

  21.08.2025   257
Делая ставку на волонтерство

Делая ставку на волонтерство

Согласно статистике, в Карасайском районе проживае...

  06.08.2025   688
В Алматинской области выбрали лучшую семью года — победитель конкурса «Мерейлі отбасы – 2025» представит регион на республиканском этапе

В Алматинской области выбрали лучшую семью года — победитель конкурса «Мерейлі отбасы – 2025» представит регион на республиканском этапе

В городе Қонаев прошла торжественная церемония наг...

  31.07.2025   863
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.