Пятница, 17 Июля 2026

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ БАСТАМАЛАРЫ МЕН ЖАСТАР ЖОБАСЫН ОДАН ӘРІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНДЕ   ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ БАСТАМАЛАРЫ МЕН ЖАСТАР ЖОБАСЫН ОДАН ӘРІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2024 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Құрманова Айзада Амангелдіқызының төрағалығымен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жастар жобалары мен бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында берген тапсырмасын іске асыру жөнінде кеңес өтті.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің өкілдері, Министрліктің салалық комитеттерінің басшылары, өңірлік ішкі саясат/қоғамдық даму басқармаларының басшылары, «Қоғамдық келісім» мекемелерінің директорлары, сондай-ақ ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Айзада Кұрманова қатысушыларға Министрлікпен жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға және дамытуға, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға бағытталған жастар ұйымының жобалары мен бастамаларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті. Атап айтқанда, ол мемлекеттік органдардың Қазақстан халқы Ассамблеясымен және оның қоғамдық құрылымдарымен, соның ішінде «Ассамблея жастарымен» елдегі этносаралық келісім мен бейбітшілікті сақтаудағы өзара іс-қимылын күшейтуге баса назар аударды.

Өз кезегінде, Тимур Джумурбаев «Ассамблея жастары» РҚБ жаңа жобаларын, оның ішінде «Жаңа толқын» жобасын таныстырып, ұйымның этнос жастары арасында мемлекеттік тілді ілгерілету, этномедиация, волонтерлікті, қайырымдылықты дамыту және т.б. бағыттағы жоспарларымен бөлісті. 

Кеңес барысында жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және жастар арасында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған «Ассамблея жастары» РҚБ жастар жобаларының тізбесін айқындау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының «Рақмет, Жер ана!» акциясы мен Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар театры қызметін ұйымдастыру бойынша тәжірибелерін барлық өңірлерде кеңінен тарату мәселесі қарастырылды.

Өңірлік ішкі саясат/қоғамдық даму басқармаларынң басшылары «Ассамблея жастары» көшбасшыларын жастар саясаты кеңесінің құрамына тарту, этносаралық коммуникациялар алаңдарын кеңейту бойынша қажетті жағдайлар жасау және т.б. жұмыстарға бағдарланды. 

Другие новости

Подарок родному селу

Подарок родному селу

При въезде в село имени Ж. Кайыпова Енбекшиказахск...

  15.07.2026   438
ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

2026 жылғы 18 шілде күні сағат 19:00-де Түркістан...

  14.07.2026   240
На фестивале «Алтай - золотая колыбель тюркского мира» прошел поэтический вечер

На фестивале «Алтай - золотая колыбель тюркского мира» прошел поэтический вечер

В Катон-Карагайском районе Восточно-Казахстанской...

  11.07.2026   332
Творческий центр открыли в Узынагаше

Творческий центр открыли в Узынагаше

В Жамбылской районной библиотеке села Узынагаш сос...

  10.07.2026   368
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.