Суббота, 16 Мая 2026

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафон- бәйгесі басталады

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафон- бәйгесі басталады

2025 жылдың 10 мамыр күні Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бесінші «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесінің ашылу салтанаты өтеді.
Ауқымды шара таңғы 06:00-де Бақанас тасжолының бұрылысында басталады. Бұл марафон – елімізде бесінші рет өткізілгелі отыр. Бұған дейін оның екеуі халықаралық деңгейде ұйымдастырылған болатын. Биылғы бәйге алғаш рет Алматы облысында өткізілмек. Шара қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, жылқы мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауға бағытталған.
Бәйгеде Оңтүстік Африка, Қырғызстан, Мажарстан, Иран, Ресей Федерациясының, Татарстан, Башқұртстан Республикаларынан және еліміздің 13 өңірінен  командалар бақ сынайтын болады. Бәйгеге жалпы 19 команда қатысады.
Жарыс 5 күнге созылады. Әр күнгі кезең ұзақтығы – 100 шақырым, жалпы қашықтық – 500 шақырым. Бәйге Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумағы арқылы өтеді. Әр 50 шақырым сайын қатысушылар үшін арнайы тынығу және демалыс орындары қарастырылған.
Ашылу салтанаты аясында арнайы сахна мен этноауыл бой көтеріп, 12 қанаттық 5 қазақ үй тігіледі. Бұл киіз үйлерде Алтын адам музейі, этнографиялық экспозициялар, театр қойылымдары, қолөнер шеберлерінің бұйымдары және туристік көрмелер ұсынылады. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері, асау үйрету және бие сауу көріністері көрсетіледі.
Марафонның жабылу салтанаты 2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 17:00-де Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді. Шарада елімізге танымал «Алаш ұлы», «Рух», «Абырой» және «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді. Салтанатты шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, партия өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының мүшелері, өнер қайраткерлері мен қоғам белсенділері қатысады деп жоспарлануда.
Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев, бұл бәйгенің маңыздылығына тоқталып өтті:
«Қазақ халқының өмірінде жылқы түлігінің орны ерекше. Атқа міну мәдениеті – халқымыздың төл болмысы мен дәстүрінің көрінісі. Бұл бәйге – ұлттық рухты дәріптейтін, салт-дәстүрімізді насихаттайтын маңызды бастама. Сонымен қатар, бұл шара өңіріміздің табиғатын танытуға және отандық туризмді дамытуға зор үлес қосады», – деді спикер. 
«Ұлы дала жорығы» – ұлт рухын жаңғыртатын, болашақ ұрпаққа тағылым беретін маңызды мәдени-спорттық оқиға.

Другие новости

Песни горных долин

Песни горных долин

В селе Саты Кегенского района Алматинской области...

  12.05.2026   282
Алматы облысында « Хан Тәңірі қазынасы» атты  фестиваль өтеді

Алматы облысында « Хан Тәңірі қазынасы» атты фестиваль өтеді

Аспанмен астасқан айбынды Хан Тәңірі, жырға айналғ...

  12.05.2026   279
Новая жизнь Дома культуры

Новая жизнь Дома культуры

Большим культурным событием отметили День единства...

  04.05.2026   934
Концерт на родине Асета Бейсеуова

Концерт на родине Асета Бейсеуова

Несколько сотен зрителей собрались в районном Доме...

  30.04.2026   1239
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.