VI Халықаралық гастрономиялық «ASTAUfest-2025» фестивалінде отандық студенттер жоғары жетістікке жетті. Алматы экономикалық колледжі мен Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің студенттері «Бас аспаз», «Mastic Show» және «Slow Food» номинациялары бойынша Гран-при мен жүлделі орындарға ие болды.Жарыс нәтижесінде қазақстандық жастардың кәсіби шеберлігі халықаралық деңгейде мойындалып, ұлттық гастрономиялық өнерді дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Фестивальге әлемнің түрлі елдерінен келген қатысушылар бақ сынап, кулинария саласындағы ж...