Алматы облысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін дәстүрлі «Қымызмұрындық-2026» фестивалі өтеді. Ауқымды мәдени-көпшілік шараға алыс-жақын шетелден келетін меймандарды қосқанда, 35 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.Фестиваль дәстүр бойынша Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында ұйымдастырылады. Биылғы шара маусым айының соңғы сенбісі — 27 маусым күні өтеді.Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Кенжебеков фестивальдің негізгі мақсаты ұлттық мұраны насихаттау ғана емес, өңір туризмін...