Суббота, 10 Октября 2026

Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтіп жатыр

Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтіп жатыр

Алматы облысының Кеген ауданы Қарқара жайлауында дүйім жұрт асыға күткен «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық шарасы өтіп жатыр. Аталмыш мереке абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен қатар келіп, биыл 5-рет ұйымдастырылып отыр. Мерекеге еліміздің түкпір-түкпірінен, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасынан қонақтар келуде. Қымыз тойына барлығы 35 мыңға жуық мейман қатысады деп күтілуде.

Таң сәріден Қарқара жайлауына жиналған жұртшылық түрлі бағыттағы тақырыптық алаңдарды аралап көрді. Жүзден астам киіз үйден құралған этноауылда қонақтар қазақ халқының бай мәдениетінен сыр шертетін көрмені тамашалады. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің, суретшілердің туындылары ұсынылып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жергілікті өндірушілердің өнімдері таныстырылды. Қолөнерге қызығатын жандарға шеберлік сағаттары өткізілуде. Ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптың айшығы болған тарихи жәдігерлер көрмесі де халықтың ерекше назарына ілікті.

Қымыз тойында сондай-ақ ұлттық ойындардан түрлі сайыстар өткізіліп, Мыңжылқы атырабын дүбірге бөлеуде. Атап айтқанда, спортшылар ат бәйгесі, қазақ күресі, алыптар сайысы, теңге ілу, асық ату, қой көтеру сынды жарыстардан сынға түсуде.  Сонымен бірге «Топжарған» этно-өнер орталығының шоу бағдарламасы, «Толағай» өнер орталығының қойылымдары, облыс өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарының концерті қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Балаларға арналған аймақта аттракциондар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстары өткізілуде. «Қымызмұрындыққа» келген көпшілік ұлттық сусынымыз қымыздан дәм татып, ұлттық тағамнан ауыз тиіп, мәре-сәре болуда.

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   125
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   125
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   118
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   127
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.