Пятница, 22 Ноября 2024

Выступление акима Алматинской области

Выступление акима Алматинской области

Алматы облысында ауыз су тарту жобаларына 27 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

Облыс басшылығының басты міндеттерінің бірі – халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл жайында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев брифингте айтты.

«Қазір халықты ауыз сумен қамтудағы көрсеткіш 92,7%-ды құрап отыр. Биыл

62 жобаны іске асыруға 27,8 млрд. теңге қарастырылған. Жыл соңына қарай сумен қамтамасыз ету деңгейі 93,5% жетеді», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Аталған саладан басқа, облыс басшысы газдандыру мен жолды жасау секілді инфрақұрылымдық салалар туралы да сөз етті.

«Бүгінгі таңда газдандыруға жататын 294 елдімекеннің 147-сі газдандырылды. Көгілдір отынға облыстың 1 млн 114 мың тұрғыны қосылған. Биыл тағы 9 елдімекенді қосқанда көрсеткіш 69,4%-ға жетеді», - деді әкім.

Аймақ басшысының сөзінше, жылдан жылға жолдардың сапасы жақсарып келеді. 2022 жылы барлығы 731 шақырым жол жөнделді. Биыл жол инфрақұрылымын жақсартуға 48,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 91%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.

***

Алматы облысында 8 мәдениет үйі қолданысқа беріледі

Мәдениет саласында өткен жылы 2 мәдениет үйі салынды және қайта жаңартылды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз жиынында мәлімдеді.

«Биыл Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы мәдениет үйі және 10 кітапхана ашылды, Райымбек ауданында мұрағат ғимаратының құрылысы аяқталды. Аудандарда қосымша 8 мәдениет үйі  іске қосылады», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Ал спорт саласында өткен жылы облыста 3 спорт ұйымы ашылды, биылғы жылы 8 спорт кешендері салынып жатыр.

***

Биыл Алматы облысында АӨК қолдауға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген

Алматы облысы аграрлық-индустриалды аймақ болғандықтан, өңдеуші секторға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл туралы баспасөз жиынында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.

«Алматы облысы еліміз бойынша құс басының саны мен құс етін өндіруден көш бастап тұр. Қой мен ешкі саны жөнінен және жүгері, көкөніс, жеміс-жидек дақылдары мен картоп өсіруден республикада алғашқы үштікке кіреді. Ал балық шаруашылығы тауарлы балық өндірісінің көлемін ұлғайтуға және импортты алмастыру үшін дайын өнім шығаруға бағытталып отыр Өткен жылы 5 мың тоннаға жуық балық өндірілді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 17 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының сөзінше, биыл агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 34 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің көрсеткіші 736,5 млрд. болса, биылғы жылы оның көлемін 2,6% өсіммен 840 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 «Алматы облысының асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» бірегей өңірлік бағдарламасын әзірленіп, іске асырылуда. Оған жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 820 бас асыл тұқымды ірі қара және 4 мыңнан астам асыл тұқымды ұсақ мал сатып алынған. Осылайша, 2027 жылға қарай ірі қара асыл тұқымды мал басының үлесін 19,5%-дан 25%-ға дейін, ұсақ мал басын 16,7%-дан 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы аталған шаралардың барлығы облыс халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мегаполистің айналасында азық-түлік белдеуін құруға бағытталған», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұдан бөлек, өңірде 157 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Облыс көлемінде суару желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде 57 мың гектарға жуық суармалы жер қалпына келтіріледі

***

В Алматинской области объем инвестиций в сферу туризма составил 9,9 млрд тенге

Аким Алматинской области Марат Султангазиев на брифинге отметил,  что сфера туризма является еще одним приоритетным  направлением развития. В рамках осуществления плана регион ставит следующую цель - создание благоприятных условий для развития туризма, увеличение числа внутренних и въездных туристов, а также повышение роста объема инвестиций в данную отрасль.

Алматинский регион является финансовым, культурным, туристическим, образовательным центром страны с уникальным природным потенциалом и богатым историко - культурным наследием, развитой транспортно-логистической инфраструктурой для развития туризма в целом.

В прошлом году в этой сфере реализован 21 проект и привлечено инвестиций на 9,9 млрд тенге, объем оказанных услуг вырос в 1,4 раза и составил 6,6 млрд тенге.

К слову, национальные парки «Или-Алатау», «Чарын», «Кольсайские озера» посетили около миллиона человек.

Потенциал горнолыжного туризма на сегодняшний день можно довести с 7,5 тыс. лыжников в сутки до 50 тыс. к 2030 году. За счет развития горного кластера предусмотрено увеличение доли туризма в экономике области, которая в 2021 году составляла 3 процента, до 6% к 2025 году.

Пресс-служба акима области.

 

Другие новости

Полиметаллическое рудопроявление Чинасыл-Сай: перспективы и вызовы

Полиметаллическое рудопроявление Чинасыл-Сай: перспективы и вызовы

Рудопроявление Чинасыл-Сай, расположенное в Жамбыл...

  22.11.2024   33
В центре внимания - искусство

В центре внимания - искусство

В городе Қонаев состоялись гала-концерт областного...

  22.11.2024   38
Гражданская инициатива на селе

Гражданская инициатива на селе

В конференц-зале Талгарского Дома культуры прошел...

  22.11.2024   87
Грядут большие перемены

Грядут большие перемены

На посту главы Туздыбастауского сельского округа Ш...

  21.11.2024   170
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.