Вторник, 28 Июля 2026

Қонаев қаласында еліміздегі ең ірі қант зауытының құрылысы басталады

Қонаев қаласында еліміздегі ең ірі қант зауытының құрылысы басталады

Жуырда Қонаев қаласында Қазақстандағы ең ірі қант өндіретін зауыттың құрылысы қолға алынады. Алматы облысының шаруалары шамамен 100 мың гектар алқапқа қант қызылшасын егуге дайын екендерін растады. Бұл болашақ зауыттың шикізаттық базасын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Аль Гурэйр Джамальмен кездесу өткізіп, жоба бойынша дайындық барысын және алдағы кезеңдердің жүзеге асырылуын талқылады.

Зауыттың құрылысына арналған 1000 гектар жер учаскесі Қонаев қаласында бөлініп, «Alatau» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізілді. Қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылым – газ және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, шикізат қорын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жобаның алғашқы кезеңінде 65 мың гектар жерге қант қызылшасын отырғызу жоспарланып, кейіннен егіс алқабы кеңейтіледі. Суармалы жерлерді дайындау және су инфрақұрылымын дамыту үшін халықаралық қаржы тарту көзделген.

Өңір шаруалары қант қызылшасын егуді бастауға толық дайын екендерін жеткізді. Бұл болашақ кәсіпорынның тұрақты дамуына негіз болады.

Кездесу барысында тараптар жобаны тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта үйлестіру мен жедел шешім қабылдау үшін жұмыс тобы құру ұсынылды.

Араб тарапы EPC-келісімшартқа қол қоюға дайын екенін мәлімдеп, бұл құрылыс жұмыстарының басталуын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаны «QazaqArab Sugar» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың тонна дайын өнім, жалпы инвестиция көлемі – 313,6 млрд теңге. Құрылыстың жүзеге асу мерзімі – 2025–2028 жылдар. Жоба іске қосылғаннан кейін 450 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бұл бастама елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және қант импортына тәуелділікті азайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Другие новости

Вдохновение без границ

Вдохновение без границ

Поездка на семейную ферму Bizdin Auyl стала для во...

  27.07.2026   160
Экологический контроль в цифрах

Экологический контроль в цифрах

Итоги оказания государственных услуг и результаты...

  27.07.2026   155
Волонтерство  как сила общества

Волонтерство как сила общества

На площадке Региональной службы коммуникаций состо...

  27.07.2026   144
Более 4,5 млн женщин участвуют в экономической деятельности Казахстана

Более 4,5 млн женщин участвуют в экономической деятельности Казахстана

По данным выборочного обследования занятости насел...

  27.07.2026   156
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.