Четверг, 22 Октября 2026

Алматы облысында жетекші партия БАҚ қызметкерлерін құттықтады

Алматы облысында жетекші партия БАҚ қызметкерлерін құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалында марапаттау рәсімі өтті.

Өңірдің ақпарат саласының үздіктері бас қосқан жиында партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев құттықтау сөз сөйледі.

Оның айтуынша, демократиялы қоғам орнатуда, мемлекетті дамытуда журналистиканың маңызы зор. Кезінде Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ой түйіндеп, журналистика саласының маңызы тереңде екенін айтқан. Қазір ақпараттық технология дамып, газет, телеарна радиодан бөлек интернет сайттары мен порталдардың жұмысы күшейді, жаңалықты жедел ұсынудың жолдары көбейді. Әлеуметтік желілердің өзі ақпарат таратуда маңызға ие болып отыр. Журналистика саласына артылар жүк ауырлап, «төртінші билік» өкілдерінен біліктілік пен шапшаңдық, шынайы отаншылдық талап етілуде.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші ақпарат айдынында жүрген журналистердің еңбегі. «AMANAT» партиясы мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз ынтымақтастықтығы арқасында газет беттерінде маңызды мақалалар, телеарналар мен әлеуметтік желіде өзекті тақырыптар көтеріліп, бұқараға жария болуда. Сіздердің кәсіпке деген адалдық, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен еңбектеріңізге жеміс тілеймін!», – деді Қуат Байғоджаев.

Шара барысында аймақтағы ақпарат саласының бірқатар майталмандарына «AMANAT» партияcының Атөарушы хатшысы Дәулет кәрібек пен облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың Алғыс хаты табысталды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Другие новости

Сила добрых дел

Сила добрых дел

День Республики - повод вспомнить историю независи...

  21.10.2026   102
Растем вместе со страной

Растем вместе со страной

Каждый год, когда в календаре приближается 25 октя...

  21.10.2026   110
Образование, доступное каждому ребенку

Образование, доступное каждому ребенку

Для семьи, которая переезжает в новый жилой массив...

  21.10.2026   120
Знания закреплены в Конституции

Знания закреплены в Конституции

Новая Конституция называет развитие человеческого...

  20.10.2026   159
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.