Воскресенье, 12 Апреля 2026

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҮЛЕС ҚОСУҒА ҮНДЕДІ

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҮЛЕС ҚОСУҒА ҮНДЕДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы халықтық штабтың мүшелері, Нұрлан Түймелиев, Айдын Иманбеков, Гамзе Гейдаров Қазақтелеком мекемесі ұжымымен кездесу өткізіп, жалпыхалықтық референдум бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жиында аудандық мәслихат депутаты еңбек ұжымын ел Президентінің жанына топтасып, Жаңа Қазақстан, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«Референдум әрбір азаматтың билікке араласуын, биліктің халыққа қызмет етуін, екеуінің арасында алшақтық болмауын негізге алып отыр. Бұл – Үкімет әділ, шынайы әрі ашық болсын деген қағидадан туындаған шешім. Жалпы, елдің өркендеуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Сондықтан алдағы күндері өтетін науқанға біркісідей қатысқандарыңыз абзал.» деді халықтық штаб мүшесі А.Иманбеков.
Еңбек ұжымымен бас қосуға облыстық штабтың мүшесі Нұрлан Түймелиев қатысып, ел болашағына оң өзгерістер әкелетін бастамаға белсенді қатысуға үндеді.
Кездесу соңында жиналғандар штаб мүшелеріне өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтындарын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындарын жеткізді.#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024

Другие новости

Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   143
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   263
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   282
Статус научных знаний вырос

Статус научных знаний вырос

Новая Конституция впервые прямо закрепила то, о че...

  10.04.2026   277
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.