Воскресенье, 20 Сентября 2026

АҚ «АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

АҚ «АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларына электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын ірі электр энергетикалық компания болып табылады. Компанияның қызметі тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуге және өңірдің энергетикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Алмасбек Сатибаев, Мақсат Сейдалиев, Нұрлан Түймелиев, Айдар Абдрахманов «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті.

Әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.

Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.

Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатының арқасында барлық негізгі жаһандық ойыншылармен тиімді қарым-қатынас құруда. Атом электр станциясын салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл таза энергияға ғана емес, елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыруға жасалған қадам.- деп атап өтті штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. 
Кездесуде компания ұжымы референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.

Другие новости

Богатство страны требует бережности

Богатство страны требует бережности

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  19.09.2026   143
Местная власть под наблюдением депутатов

Местная власть под наблюдением депутатов

Новая Конституция предусматривает возможность выра...

  19.09.2026   141
Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  18.09.2026   233
Казахстан присоединится к World Cleanup Day

Казахстан присоединится к World Cleanup Day

19 сентября во всех регионах Казахстана пройдут ма...

  18.09.2026   194
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.