Четверг, 19 Марта 2026

Референдумға дауыс берушілер арасында жастар көп

Референдумға дауыс берушілер арасында жастар көп

Қонаев қаласының тұрғындары бүгінгі маңызды шараға белсенді атсалысып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Біз қазір 949 дауыс беру учаскесіне келдік. Дауыс берудің басталғанына әлі 1 сағат болған жоқ, дегенмен 50-ге жуық адам дауыс беріп үлгеріпті. Басым көпшілігі жастар.

Дауыс беру комиссиясының төрағасы Елдана Смаилованың мәліметінше, аталған участокке жалпы саны 2070 адам тіркелген. Оның 20-сы бірінші рет дауыс бергелі тұр екен.

Сонымен қатар, 949 аумақ бойынша, 7 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Комиссия мүшелері арнайы тасымалдау жәшігі арқылы үйлеріне барып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік береді.

Осы орайда, Қонаев қаласының тұрғыны, UIB университетінің 2 курс студенті Аяла Рахметолламен сұхбаттасып көрдік.

“Бұл менің кәмелеттік жасқа толғандағы бірінші дауыс беруім. Сайлау демократиялық елдің белгісі болғандықтан бұл әр азамат үшін өте маңызды. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасауға құқылы. Мен де осындай тарихи оқиғаның қатысушы болуға келдім”, - деді Аяла Рахметолла.

Другие новости

Выбор в пользу  будущего

Выбор в пользу будущего

Когда в стране принимается новая Конституция, это...

  18.03.2026   87
Условия для развития бизнеса

Условия для развития бизнеса

Казахстан принял новую Конституцию. Подведены окон...

  18.03.2026   91
Прочный фундамент

Прочный фундамент

Принятие новой Конституции стало важным историческ...

  18.03.2026   83
О ключевых задачах  на будущее

О ключевых задачах на будущее

Итоги Республиканского референдума и предстоящее д...

  18.03.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.