Понедельник, 28 Сентября 2026

Қонаев қаласында Наурыз мерекесіне орай «Табиғат қанатында – Taza Life» экологиялық акциясы өтті

Қонаев қаласында Наурыз мерекесіне орай «Табиғат қанатында – Taza Life» экологиялық акциясы өтті

Қонаев қаласында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, Наурыз мерекесіне орай «Табиғат қанатында - Taza Life» атты экологиялық акция өтті. Шараны Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы, білім басқармасы және орман шаруашылығы мекемелері ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, құстарға қамқорлық жасауға және табиғатты аялауға баулу. Акция барысында қатысушылар өз қолдарымен жасаған құс ұяларын орнатты.

- "Көктеммен бірге туған өлкеге қайта оралған құстарға қамқорлық көрсету – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Елімізде мұндай ауқымды акция өткен жылы алғаш рет Алматы облысында өткізілді. Сол кезде мыңға жуық құс ұясы дайындалып, арнайы орындарға орнатылды. Биыл бұл көрсеткіш одан да жоғары. Бұл бастама өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелейді. Акция облыстың барлық аудандары мен қалаларында сәуір айының соңына дейін жалғасады", - деді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешов.

- "Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті. Еркіндіктің символына айналған құстарға көмегім тигеніне қуаныштымын", - деді Қонаев қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназияның оқушысы Әлімжан Тұрдалиев.

Другие новости

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

В преддверии Дня города аким Конаева Асхат Бердиха...

  21.09.2026   304
В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве в честь Дня города с 21 по 26 сентября п...

  20.09.2026   358
Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күніне орай 21–26 қыркүйек аралығынд...

  20.09.2026   325
Семья как большое богатство

Семья как большое богатство

Согласитесь, ребенок, выросший в полноценной семье...

  13.09.2026   935
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.