Воскресенье, 27 Сентября 2026

Алматы облысында суармалы егіншілікке жаңа серпін беретін 86,6 млрд теңгеге жобалар іске асады

Алматы облысында суармалы егіншілікке жаңа серпін беретін 86,6 млрд теңгеге жобалар іске асады

Алматы облысында биылғы вегетациялық кезең қорытындыланып, ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстардың нәтижелері сараланды. Биыл өңірдегі 223 мың гектар суармалы жерге қажетті су көлемі толық жеткізіліп, шаруашылықтармен мыңдаған келісім-шарт жасалды.
Бұл туралы Алматы облысы Су ресурстары және ирригация басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аят Сабитов мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста суармалы жерлердің жалпы аумағы 223 мың гектарды құрайды. Биыл 7 мыңнан астам шаруа қожалығымен ресми келісім-шарт жасалып, жалпы 1,5 млрд текше метр су пайдаланылды.
Алдағы уақытта суару жүйесінің мүмкіндігін арттыру және инфрақұрылымды жаңарту мақсатында ірі жобалар іске асырылмақ. Атап айтқанда, Ислам Даму банкінің қаржыландыруымен жалпы құны 86,6 млрд теңгені құрайтын жобалар жүзеге асырылады. Нақты құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, өңірдегі 27 су қоймасының техникалық жағдайын кешенді бағалау мақсатында көпфакторлы зерттеу жүргізуге 182,5 млн теңге қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде су қоймаларының қазіргі жағдайы сараланып, оларды жаңғырту бойынша алдағы жұмыстардың нақты бағыты айқындалады.
Су ресурстарын пайдалану жөніндегі көрсеткіштерді «Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының» басшысы Серік Мейрамбеков толықтырды. Оның мәліметінше, биыл бассейн бойынша 2 953 млн текше метр су алуға рұқсат беріліп, нақты алынған су көлемі 2 798 млн текше метрді құраған. Жалпы 279 мың гектардан астам аумақ суарылды.
Оның ішінде Алматы облысының үлесіне 1 534 млн текше метр су тиесілі болып, 126 902 гектар жерге су уақтылы жеткізілді. Сонымен бірге су ресурстарын заңсыз пайдаланудың алдын алу бойынша бақылау шаралары күшейтілді. Вегетациялық кезеңде суды рұқсатсыз және заңсыз алудың 53 фактісі тіркеліп, қазіргі уақытта тиісті құқықтық шаралар қабылдануда.
Ирригациялық инфрақұрылымды күтіп ұстау және жаңғырту жұмыстары да жалғасты. «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Қайрат Бисембаевтың айтуынша, филиал бойынша 40 379 гектар жер суарылып, 173 шақырымнан астам канал механикалық тәсілмен тазартылды.
Алдағы кезеңдегі негізгі жобалардың бірі – Шелек өзеніндегі сыйымдылығы 320 млн текше метр Бартоғай су қоймасының бөгетін реконструкциялау. Жоба әзірленіп, қыркүйек айында сараптамаға ұсынылды. Бұдан бөлек, стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын кезең-кезеңімен жаңартуға бағытталған 2026–2031 жылдарға арналған «Жол картасы» қабылданды.
Шаруаларды сумен қамтамасыз ету бағытындағы нақты жұмыстар «Алматыоблсушар» МКК тарапынан да жүргізілді. Кәсіпорын директорының орынбасары Ғабид Ахметжановтың мәліметінше, биыл 81,5 мың гектар суармалы егіс алқабын қамтитын 3 630 келісім-шарт жасалып, шаруаларға 750,2 млн текше метр су берілді.
Каналдарды тазарту жұмыстарына 28 арнайы техника жұмылдырылып, жалпы 479 шақырым аумақты тазарту жоспарланған. Сонымен қатар аграрлық сектор өкілдеріне төлем жасауды жеңілдету үшін Kaspi арқылы QR төлем жүйесі енгізілді. Шаруаларға қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен қолданыстағы жеңілдіктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы кезеңде 86,6 млрд теңгелік жобалардың іске асуы, Бартоғай су қоймасын реконструкциялау, 27 су қоймасының техникалық жағдайын зерттеу және 2026–2031 жылдарға арналған «Жол картасын» жүзеге асыру облыстың су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Негізгі міндет – су ресурстарын ұтымды пайдаланып, шаруаларды қажетті сумен тұрақты қамтамасыз ету және өңірдің суармалы егіншілік әлеуетін арттыру.

Другие новости

Алматы облысында суармалы егіншілікке жаңа серпін беретін 86,6 млрд теңгеге жобалар іске асады

Алматы облысында суармалы егіншілікке жаңа серпін беретін 86,6 млрд теңгеге жобалар іске асады

Алматы облысында биылғы вегетациялық кезең қорытын...

  27.09.2026   71
За «апортом» — в Астану

За «апортом» — в Астану

Яблоки сорта «апорт» и мясо стали одними из самых...

  27.09.2026   97
Начало большого пути в развитии семеноводства

Начало большого пути в развитии семеноводства

В компании Livingstone Kazakhstan, используя голла...

  26.09.2026   141
Секреты щедрого урожая

Секреты щедрого урожая

Как фермерам защитить садовые растения от болезней...

  21.09.2026   624
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.