Четверг, 19 Марта 2026

Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып Нұрбақыт Бокыбаев сайланды

Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып Нұрбақыт Бокыбаев сайланды

8 желтоқсанда өткен Алматы облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы бойынша №15 сайлау округінен Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бокыбаев жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 21741 дауысына ие болып, айқын басымдықпен депутат мандатын иеленді.

Сайлауға қатысқан азаматтардың саны – 31605, бұл жалпы тізімдегі сайлаушылардың 54,6%-ын құрайды. Қалған үміткерлер арасында Қуат Дүйсебаев 5041 дауыс жинаса, Бақытжан Галиев 4412 дауыс алды. Сонымен қатар, 371 сайлаушы «Барлығына қарсы» дауыс берді.

Нұрбақыт Бокыбаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттану ғылымдарының докторы. Ол өз еңбек жолын өнер саласында бастап, мемлекеттік қызметте маңызды лауазымдарда тәжірибе жинақтады. Қазіргі уақытта Т. Жүргенов атындағы өнер колледжінің директоры.

Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында Есік қаласының кәріз жүйелерін ретке келтіру, көшелерді абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, туризмді ілгерілету және жастарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Ават, Ақши, Бәйтерек, Саймасай, Жаңашар, Бөлек ауылдық округтерінде инфрақұрылымды жақсарту, ауыз су құбырларын салу және жөндеу, білім беру және медициналық мекемелердің құрылысын жүргізу, мәдениет нысандарын салу және жөндеу жұмыстарын қолға алуды жоспарлады.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Выбор в пользу  будущего

Выбор в пользу будущего

Когда в стране принимается новая Конституция, это...

  18.03.2026   81
Условия для развития бизнеса

Условия для развития бизнеса

Казахстан принял новую Конституцию. Подведены окон...

  18.03.2026   87
Прочный фундамент

Прочный фундамент

Принятие новой Конституции стало важным историческ...

  18.03.2026   79
О ключевых задачах  на будущее

О ключевых задачах на будущее

Итоги Республиканского референдума и предстоящее д...

  18.03.2026   75
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.