Четверг, 02 Апреля 2026

Ішкі саясаттағы басым бағыттарымыз айқындалды

Ішкі саясаттағы басым бағыттарымыз айқындалды

Тоқаев бүгін "Қазақстан ішкі саясатындағы ұстанымдар, құндылықтар мен бағытын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұрын-соңды мұндай заңды күші бар құжатты естімеген екенбіз. Мұнда не мәселе қарастырылған? Соны түсіну үшін оқып шығуға тура келді.
Елді жүйелі түрде жаңартудың жаңа кезеңінде ішкі саясатта екі деңгейлі міндет тұр екен. Жалпақ тілмен айтқанда, оның бірі - сыртқы және ішкі өзгерістерге мемлекетті тиімді жағынан бейімдеу;  
Екіншісі - мемлекеттік институттар мен қоғамды не нәрсе біріктіреді деген негізгі принциптерді айқындап алу. 
Бұл құжат қоғам мен мемлекеттің алдағы уақытта қандай бағытта дамитынын айқындайды. 
Мұны жүзеге асыру үшін "Еститін мемлекет", "Заң мен тәртіп", "Бір ұлт - түрлі көзқарас", "Қуатты Президент - Ықпалды Парламент- Есеп беретін Үкімет", "Адал азамат" және "Таза Қазақстан" принциптеріне негізделеді. 
Бұл мемлекетті қалыптастыруда жаңа бағыттарға жол сілтейді. 
"Заң мен тәртіп" - құқықтық мемлекет негізі. 
"Еститін мемлекет" - өзара іс-қимыл құралы.
"Бір ұлт - түрлі көзқарас" - өзара түсіністік әдісі.
"Қуатты Президент - Ықпалды Парламент- Есеп беретін Үкімет" - басқару әдісі.
"Адал азамат" - ойлау жүйесі.
"Таза Қазақстан" - тәртіп этикасы. 
Сондай-ақ, құжатта қоғамдық диалог, ұлтаралық қарым-қатынас, дін мәселесі бойынша, мәдени-гуманитарлық, отбасылық, ақпараттық саясат жан-жақты қамтылған. 
Осының бәі жинақталып келіп, болашақтағы Әділетті Қазақстанның формуласына айналады.

Алматы облыстық мәслихат депутаты Увалиев Мұрат Талғатұлы

Другие новости

Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

В городе Конаев состоялось заседание Координационн...

  02.04.2026   65
Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Ма...

  02.04.2026   69
Канат Есболатов проинспектировал ряд объектов в городе Қонаев

Канат Есболатов проинспектировал ряд объектов в городе Қонаев

Первый заместитель акима Алматинской области Канат...

  01.04.2026   171
Права собственников остаются в приоритете: Минюст о норме новой Конституции, запрещающей выселять из жилья без судебного решения

Права собственников остаются в приоритете: Минюст о норме новой Конституции, запрещающей выселять из жилья без судебного решения

Одной из значимых новелл новой Конституции, принят...

  31.03.2026   224
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.