Вторник, 20 Октября 2026

Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегіүйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында халықтың аз қозғалаты топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу, инклюзивті білім беруді енгізудің мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мәдениет мекемелері мен мәдени-көпшілік іс-шаралардың қолжетімділігі және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Отырысқа Алматы облысы бойынша мүгедектігібар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, әкімдердің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары қатысты.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев: — Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы толық әрі жүйелі түрде қорғалуы тиіс. Осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, облыс аумағындағы әрбір проблемалық бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Әсіресе, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын бейімдеу ісін жеделдету маңызды. Әрбір нысан – мейлі ол мемлекеттік мекеме, білім беру ұйымы немесе мәдениет ошағы болсын ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін толық қолжетімді болуы тиіс. Бұл бағытта формалды есеп емес, нақты нәтиже қажет. Жалпы, бүгінгі отырыста көтерілген ұсыныстар мен бастамалар қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асырылуы керек.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдеріне қаралған мәселелербойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Другие новости

В Алматинской области чествовали спасателей

В Алматинской области чествовали спасателей

В преддверии Дня спасателя в Алматинской области ч...

  19.10.2026   108
Верность долгу и признание заслуг

Верность долгу и признание заслуг

В Доме культуры города Қонаев прошло торжественное...

  19.10.2026   135
КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

В преддверии Дня Республики Казахстан в рамках рес...

  19.10.2026   125
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» мара...

  19.10.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.