Четверг, 19 Марта 2026

Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында айтты. 
Депутат конституциялық реформа арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының заңды іргетасын қаланып жатқанын атап өтті. 
«Тарихқа үңілсек, бабаларымыз «Жеті жарғыны» қабылдағанда да, Күлтөбенің басында күнде кеңес құрғанда да, басты мақсат – елдің тұтастығы мен әділдігі болған. Бүгінгі біздің саяси реформадағы негізгі міндетіміз – халықтың мүддесін қорғайтын, уақыт сынына төтеп беретін мінсіз заңнамалық жүйе құру. Бұл − жай ғана құжаттарды реттеу емес, бұл − ел тағдырын шешетін жауапты қадам», - деді Серік Егізбаев. 
Оның пікірінше, қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Осы жолдағы ең басты стратегиялық қадам − бірпалаталы Парламент моделіне бет бұру және сайлау жүйесін толық пропорционалды негізге, яғни партиялық тізімдерге көшіру болмақ. 
«Бұрын депутат жеке тұлға ретінде ғана жауапты болса, енді ол үлкен саяси ұйымның, нақты идеология мен партиялық бағдарламаның атынан сөйлейді. Мемлекет басшысының өз квоталарынан бас тартып, өкілеттіліктерді Парламентке беруі − саяси партияларға артылған үлкен сенім әрі зор жауапкершілік», - деп толықтырды депута. 
Қаңтар айында «Ауыл» партиясының депутаттық тобы барлық 20 өңірді аралап, шаруалармен кездескен. 
«Тіпті ең шалғай ауылдардың өзінде тұрғындар Парламент пен Үкіметтің жұмысына мұқият назар аударып отыр. Ал Конституциялық реформа бойынша түскен екі мыңнан астам ұсыныс — жай ғана статистика емес. Бұл — қоғамның жаңаруға, демократиялық бастамаларды күшейтуге және әділдікке деген тікелей сұранысы. Халық күтіп отыр, халық сеніп отыр және бұл үміттерді ақтамауға құқымыз жоқ. Халықтың аманаты бізден құқықтық жүйені жаңартып қана қоймай, оған түбегейлі жаңа, заманауи мазмұн беруді талап етеді», - дейді Комиссия мүшесі. 
Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты экологиялық құндылықтарды Ата Заң деңгейінде ұлттық басымдық ретінде бекітуді, Конституция преамбуласын жаңа редакцияда қабылдауды, 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетін енгізуді және 61-бап бойынша экологияны қорғау заңдарын реттеу құзыретін нығайтуды ұсынып отыр.

Другие новости

Началась большая работа

Началась большая работа

Состоялось очередное заседание XLVIII сессии масли...

  19.03.2026   96
Исторический рекорд и его значение

Исторический рекорд и его значение

Рекордные 9,1 млн человек пришли на участки Респуб...

  19.03.2026   94
Казахстан вошёл в число ведущих экономик мира, опередив ряд стран Центральной Азии

Казахстан вошёл в число ведущих экономик мира, опередив ряд стран Центральной Азии

Казахстан занял 36-е место среди крупнейших эконом...

  19.03.2026   172
Молодое поколение делает осознанный выбор

Молодое поколение делает осознанный выбор

Участие молодежи в Республиканском референдуме ста...

  19.03.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.