Пятница, 31 Июля 2026

Алматы облысында агроөнеркәсіпке 44,6 млрд теңгенің 7 жобасы іске асады

Алматы облысында агроөнеркәсіпке 44,6 млрд теңгенің 7 жобасы іске асады

Алматы облысында биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында жалпы құны 44,6 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аталған жобалар агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – «СҚО тәжірибесімен АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы». Бағдарлама аясында 4 млрд теңге қарастырылып, екі жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған «Alfalfa» ЖШС жобасына 1,5 млрд теңге, ал жүгеріні қайта өңдеу зауытын кеңейту жобасына «Азия агро фуд» АҚ-на 2,5 млрд теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, 2026 жылы осы бағдарлама шеңберінде 5 млрд теңгеге тағы 4 жобаны іске асыру жоспарланған.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықовтыңайтуынша, өңірде агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі.
«Биыл іске асатын жобалар өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады», – деді Димаш Сыдықов.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бірлесіп қалыптастырған «Инвестицияға тапсырыс» аясында жалпы құны 708,7 млрд теңгені құрайтын 26 жобаны қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі (алкогольді сусындарды есепке алмағанда) 178,2 млрд теңгені құрап, жоспар 145,4%-ғаорындалды. Жоспар бойынша 122,6 млрд теңге көзделген еді.

Сондай-ақ, бекітілген Жол картасы аясында өткен жылы жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылды. Олардың қатарында 9 сүт фермасы, 1 жылыжай кешені, 1 балық шаруашылығы, 1 көкөніс қоймасы, 1 вафельді нан өнімдерін өндіретін зауыт және 1 құс фабрикасы бар.

Другие новости

Каждый день - на счету

Каждый день - на счету

На полях товарищества «Агро Меркур Баканас» сельск...

  29.07.2026   165
Аграрный прорыв  в Улкен Аксу

Аграрный прорыв в Улкен Аксу

Развитие сельского хозяйства и поддержка аграриев...

  29.07.2026   163
В Алматинской области производится 12,2% всей сельскохозяйственной продукции Казахстана

В Алматинской области производится 12,2% всей сельскохозяйственной продукции Казахстана

Сегодня министр сельского хозяйства Республики Каз...

  24.07.2026   317
В Шенгельды в разгаре уборка арбузов: урожай отправляют в крупнейшие города страны

В Шенгельды в разгаре уборка арбузов: урожай отправляют в крупнейшие города страны

В Шенгельдинском сельском округе активно продолжае...

  22.07.2026   506
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.