Пятница, 09 Октября 2026

Қазақстан Конституциясының Преамбуласын жаңарту – ел дамуының жаңа кезеңі

Қазақстан Конституциясының Преамбуласын жаңарту – ел дамуының жаңа кезеңі

Қазақстан Конституциясының Преамбуласын толықтай жаңарту – ел дамуының жаңа кезеңіне сай келетін маңызды әрі салмақты қадам. Преамбула мемлекеттің құндылықтық бағдарын айқындайтын, қоғамның ортақ мұратын бейнелейтін негізгі саяси-құқықтық құжаттың рухани өзегі екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, оның қазіргі заман талаптары мен жаңа ұлттық құндылықтарды ескере отырып қайта қаралуы заңды әрі уақыт талабы.
Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін айқындай түсіп, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде нақты бекітуге бағытталған. Бұл — құқық үстемдігін нығайтып, азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтетін маңызды қағидат.
Сонымен қатар, мемлекет пен діннің өзара іс-қимылын, қоғамдық бірлестіктердің қызметін және билікті бөлу қағидатын жаңа мазмұнда нақтылау қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға ықпал етеді. Преамбулада мемлекеттің миссиясы, тарихи жадысы мен мәдени ерекшеліктерінің көрініс табуы ұлттық бірегейлікті нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде қоғамды топтастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Конституция Преамбуласының жаңартылуы – елдің стратегиялық даму бағытын айқындайтын, құқықтық жүйенің сапасын арттыратын және қоғамдық сананы жаңғыртуға серпін беретін маңызды қадам деп бағалауға болады.
Қоғамдық пікір көсбасшысы

Панжазов Сабит

Другие новости

Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   86
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   85
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   88
Государство начинается с закона

Государство начинается с закона

С 1 июля Казахстан живет по новой Конституции. В е...

  09.10.2026   77
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.