Пятница, 09 Октября 2026

Құқық үстемдігі мен ашықтық: мемлекеттік билікті жетілдіру жолындағы қадамдар

Құқық үстемдігі мен ашықтық: мемлекеттік билікті жетілдіру жолындағы қадамдар

Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер мемлекетті басқару жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға және халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануға лайық. Әсіресе Халық Кеңесін құру арқылы барлық азаматтардың мүддесін білдіретін жаңа жоғары өкілді органның енгізілуі – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтатын тың институт.
Президент институтының ережелерін тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарау, вице-президент лауазымын енгізу, Мемлекет басшысының басқа билік тармақтарымен өзара іс-қимылын нақтылау – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шешімдер. Бұл билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Бір палаталы Парламент моделіне көшу және Құрылтайдың өкілеттіктерін кеңейту заң шығару үдерісін жеделдетіп, оның ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады. Заң шығару бастамасы құқығы бар субъектілердің аясын кеңейту, заң жобаларын қарау және қабылдау рәсімдерін қайта қарау – азаматтардың ел тағдырына қатысты шешімдерге қатысу мүмкіндігін арттыратын маңызды тетік.
Сонымен қатар, Конституциялық соттың мәртебесін Ата Заң деңгейінде бекіту құқық үстемдігін қамтамасыз етудің берік негізін қалыптастырады. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын тәуелсіз орган ретінде оның рөлін нақтылау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді.
Жалпы алғанда, ұсынылған түзетулер халықтың ерік-жігерін ескеретін, әділетті әрі тиімді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға бағытталған. Бұл өзгерістер Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды кезең екенін көрсетіп, елдің құқықтық және саяси тұрақтылығын нығайта түсетіні сөзсіз.

Анель Бақтығожаева, Алатау қаласы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   21
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   105
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   101
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   103
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.