Воскресенье, 05 Апреля 2026

Пропорционалды жүйе – саяси өкілдікті кеңейтудің тиімді тетігі

Пропорционалды жүйе – саяси өкілдікті кеңейтудің тиімді тетігі

Депутат Айдос Сарымның пропорционалды жүйенің мажоритарлық жүйеге қарағанда айтарлықтай артықшылықтары бар деген пікірі сайлау жүйесін жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып отыр. Қазіргі саяси үдерістер жағдайында халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары мен көзқарастарының заң шығару органында тең дәрежеде ұсынылуы ерекше маңызға ие.

Пропорционалды жүйе саяси партиялардың рөлін күшейтіп, сайлаушылардың ерік-жігерін неғұрлым дәл бейнелеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Парламенттің саяси плюрализмін арттырып, қабылданатын шешімдердің легитимділігін күшейтеді. Сонымен қатар, бұл модель жүйелі бағдарламаларға негізделген саяси бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Сайлау жүйесін жетілдіру мәселесі қоғамдық талқылау арқылы, халықаралық тәжірибені ескере отырып жүзеге асуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, пропорционалды жүйенің артықшылықтары туралы көтерілген пікір саяси институттарды нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі деп бағалануға лайық.

Қалалық маслихат депутаты
Айдын Макпыр

Другие новости

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

В Министерстве науки и высшего образования РК веде...

  04.04.2026   173
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары о...

  04.04.2026   157
Команда больших перемен

Команда больших перемен

Под эгидой Алматинского областного филиала партии...

  03.04.2026   263
Перспективы сельского развития

Перспективы сельского развития

Самые острые вопросы в аграрной повестке сегодня -...

  03.04.2026   260
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.