Пятница, 10 Апреля 2026

Қазақстанның жаңа Конституциясында адвокатураның мәртебесі туралы норма қосымша пысықталатын болады

Қазақстанның жаңа Конституциясында адвокатураның мәртебесі туралы норма қосымша пысықталатын болады

«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі қолданыстағы құжатқа түзету ғана емес, шын мәнінде жаңа Конституцияны қабылдау туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді деген пікір білдірді.
Серік Ақылбайдың айтуынша, түзетулердің бұл жобасы конституциялық құрылыстың іргелі негіздерін қозғайтын нормалардың айтарлықтай жиынтығынан тұрады.
Атап айтқанда, жаңа институционалдық архитектура қалыптасуда: бір палаталы Парламент, Халық кеңесі, Үкімет қызметінің, сот жүйесі мен құқық қорғау тетіктерінің жаңартылған модельдері.
«Ұсыныстардың ауқымы мен тереңдігін саралай келе қолданыстағы Конституцияның жаңа редакциясы туралы емес, шын мәнінде жаңа Ата заң туралы айтқан жөн деп санаймын», – деді Серік Ақылбай. 
Оның айтуынша, бүгінде мемлекет пен қоғамның басқару тиімділігіне, құқық айқындылығы мен адам құқықтарын қорғауға қоятын талабы жоғары. Осыған байланысты республикада билікті ұйымдастыру негіздері өзгеріп, жаңа институттар қалануда. Осылайша, біз Қазақстанның конституциялық дамуының сапалы жаңа кезеңі туралы айтып отырмыз. 
Сонымен қатар ол жаңа Конституция мемлекеттіліктің негізгі құндылықтарының толық сабақтастығын және жинақталған құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, олардың дәйекті дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Сондай-ақ Серік Ақылбай Конституцияда дінді мемлекеттен бөлуді тікелей бекіту бойынша жиынтық жобаға нәтижесінде енген ұсынысын еске салды.
«Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылатынын және конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында шектелуі мүмкіндігін қосымша бекіту қажет деп санаймын. Мұндай толықтырулар идеяның түпкі мәнін ашады», – деді ол. 
Сонымен бірге ол адвокатураның мәртебесіне қатысты норманы қосымша пысықтаудың маңызын атап өтті.
«Тұжырымдамалар барынша салмақты және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету міндеттеріне толық сәйкес келуі үшін әлі де жұмыс жасау керек», – деді Серік Ақылбай. 
Жалпы, ол Комиссия дұрыс бағытта жұмыс атқарып жатыр деген пікір білдірді.

Другие новости

Статус научных знаний вырос

Статус научных знаний вырос

Новая Конституция впервые прямо закрепила то, о че...

  10.04.2026   100
Реальный фактор развития страны

Реальный фактор развития страны

В выступлении Главы государства Касым-Жомарта Тока...

  10.04.2026   87
Где кончается вседозволенность

Где кончается вседозволенность

В выступлении Президента Касым-Жомарта Токаева на...

  10.04.2026   90
Все условия для пытливого ума

Все условия для пытливого ума

Президент страны Касым-Жомарт Токаев, поздравляя у...

  10.04.2026   65
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.