Понедельник, 16 Марта 2026

Жаңа Конституция жобасы – қоғамдық сұранысқа жауап берген тарихи құжат

Жаңа Конституция жобасы – қоғамдық сұранысқа жауап берген тарихи құжат

Конституциялық комиссия ұсынған жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа кезеңіне сай дайындалған, мазмұндық жағынан терең әрі қоғам пікіріне сүйенген маңызды құжат. Соңғы алты ай бойы азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан түскен ұсыныстардың ескерілуі бұл жобаның шынайы қоғамдық талқылаудан өткенін және халық үніне негізделгенін көрсетеді.
Преамбуланың толық жаңаруы – символикалық қадам ғана емес, ұлттық сананы, тарихи сабақтастықты және болашаққа деген ортақ жауапкершілікті айқындайтын идеологиялық өзек. Бұл – Конституцияның тек құқықтық акт емес, елді біріктіретін құндылықтық платформа екенін білдіреді.
Адами капитал, білім, ғылым мен инновацияның стратегиялық басымдық ретінде бекітілуі – мемлекеттің даму моделінің сапалық өзгерісін көрсетеді. Бұл нормалар Қазақстанның болашағы экономикалық ресурстарда емес, ең алдымен, зияткерлік әлеуетте екенін нақты айқындайды.
Жобаның құрылымы, бөлімдері мен баптарының жүйелілігі, мазмұндық тұтастығы оның тек техникалық жаңарту емес, мемлекеттік басқару философиясының жаңғыруы екенін аңғартады. Мұндай өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың ел тағдырына қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Жалпы алғанда, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – уақыт талабына жауап берген, ұлттық мүдде мен қоғамдық сұранысты үйлестірген, елдің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратын тарихи құжат.                                                                                                                                                                                                                                          

Алатау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы 
Кеңесбаева Гүлназ

Другие новости

Акция по сбору агитационных материалов началась в Алматинской области

Акция по сбору агитационных материалов началась в Алматинской области

После завершения референдума партия «AMANAT» начал...

  16.03.2026   82
Исполнилась мечта сельчан

Исполнилась мечта сельчан

В селе Шиен одноименного сельского округа Жамбылск...

  16.03.2026   100
Шаги к спокойной и здоровой жизни

Шаги к спокойной и здоровой жизни

В Уйгурском районе появляются новые социальные объ...

  16.03.2026   114
День большого  и важного решения

День большого и важного решения

Референдум, с моей точки зрения, прошел очень спок...

  16.03.2026   108
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.