Понедельник, 16 Марта 2026

Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттіліктің сапалы жаңғыруының айқын көрінісі

Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттіліктің сапалы жаңғыруының айқын көрінісі

Конституциялық комиссия қараған жаңа Конституция жобасы елдің саяси-құқықтық жүйесін заман талабына сай бейімдеуге бағытталған салмақты әрі мазмұнды қадам ретінде бағалануы тиіс. Жобаны әзірлеу барысында қоғамнан түскен ұсыныстардың кеңінен ескерілуі оның формалды емес, шынайы қоғамдық диалог нәтижесінде дайындалғанын аңғартады.

Преамбуланың жаңартылуы құжаттың идеологиялық өзегін күшейтіп, ұлттық бірегейлік пен тарихи сабақтастықты жаңа мазмұнда айқындап отыр. Бұл Конституцияның тек құқықтық нормалар жиынтығы ғана емес, ортақ құндылықтар мен мақсаттарды бекітетін стратегиялық бағдар екенін көрсетеді.

Адами капиталды, білім мен ғылымды мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде бекіту – ел дамуының сапалы жаңа моделіне көшу ниетінің нақты көрінісі. Мұндай ұстаным Қазақстанның ұзақ мерзімді өркендеуінің негізін зияткерлік әлеуетпен тікелей байланыстырады.

Жалпы, ұсынылған жоба мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді арттыруға және азаматтардың ел дамуына белсенді қатысуына құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат ретінде оң бағалауға лайық.                                                                                                                                                                        

Қалалық маслихат депутаты Айдын Мақпырұлы

Другие новости

Акция по сбору агитационных материалов началась в Алматинской области

Акция по сбору агитационных материалов началась в Алматинской области

После завершения референдума партия «AMANAT» начал...

  16.03.2026   82
Исполнилась мечта сельчан

Исполнилась мечта сельчан

В селе Шиен одноименного сельского округа Жамбылск...

  16.03.2026   100
Шаги к спокойной и здоровой жизни

Шаги к спокойной и здоровой жизни

В Уйгурском районе появляются новые социальные объ...

  16.03.2026   113
День большого  и важного решения

День большого и важного решения

Референдум, с моей точки зрения, прошел очень спок...

  16.03.2026   108
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.