Среда, 30 Сентября 2026

Жаңа Конституция жобасы – қоғамдық сұраныс пен мемлекеттік жаңғырудың тоғысқан тұсы

Жаңа Конституция жобасы – қоғамдық сұраныс пен мемлекеттік жаңғырудың тоғысқан тұсы

Конституциялық комиссия талқылаған жаңа Конституция жобасын елдің саяси-құқықтық дамуының заңды жалғасы әрі сапалы жаңа кезеңге бастайтын құжат ретінде бағалауға болады. Ең маңыздысы – бұл жоба кабинет ішінде емес, соңғы айларда қоғамнан түскен нақты ұсыныстар мен пікірлер негізінде әзірленгені. Бұл оның шынайы қоғамдық талқылаудан өткенін және халық үніне сүйенгенін көрсетеді.

Преамбуланың толық жаңаруы Ата заңның құндылықтық мазмұнын күшейтіп, тарихи сабақтастық пен болашаққа деген ортақ жауапкершілікті айқындайды. Мұндай тәсіл Конституцияны тек құқықтық нормалар жиынтығы емес, ұлттық идея мен бірліктің тірегі ретінде айқындай түседі.

Жобада адами капиталды, білім беру, ғылым мен инновацияны стратегиялық басымдық ретінде бекітуі – мемлекеттің даму философиясындағы маңызды өзгерісті білдіреді. Бұл Қазақстанның келешегі табиғи ресурстармен емес, білімді, бәсекеге қабілетті азаматтармен тікелей байланысты екенін нақтылайды.

Құрылымдық тұрғыдан 11 бөлім мен 95 баптан тұратын жүйелі құжат мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға және азаматтардың ел тағдырына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы – уақыт талабына жауап беретін, қоғамдық келісімді күшейтетін және ел дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратын маңызды бастама.  

Қоғамдық пікір көшбасшысы Гасанов Алипаша

Другие новости

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е...

  30.09.2026   100
В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   171
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   138
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   186
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.