Вторник, 17 Марта 2026

Жаңа Конституция жобасы – құқықтық жаңару мен қоғамдық қатысудың жаңа үлгісі

Жаңа Конституция жобасы – құқықтық жаңару мен қоғамдық қатысудың жаңа үлгісі

Конституциялық комиссия қараған жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған мазмұнды әрі уақтылы қадам ретінде бағаланады. Құжатты әзірлеу барысында азаматтардан, қоғамдық институттардан және сарапшылардан түскен ұсыныстардың ескерілуі – бұл бастаманың кең қоғамдық негізге сүйенгенін айқын көрсетеді.

Преамбуланың жаңаша мазмұны Конституцияның идеологиялық салмағын арттырып, ұлттық бірегейлік, тарихи сабақтастық және ортақ болашаққа деген жауапкершілік сияқты құндылықтарды нақтылай түседі. Бұл Ата заңның қоғамды біріктіруші рөлін күшейтетін маңызды шешім.

Жобада адами капитал, білім, ғылым және инновацияның стратегиялық басымдық ретінде айқындалуы мемлекеттің даму моделінің сапалық өзгеріске бет алғанын білдіреді. Мұндай ұстаным елдің ұзақ мерзімді өркендеуі ең алдымен зияткерлік әлеуетке сүйенетінін көрсетеді.

11 бөлім мен 95 баптан тұратын құрылымдық жүйелілік құжаттың мазмұндық тұтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, қоғамдық диалогты күшейтуге және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған құқықтық негіз қалыптастырады. Жалпы, жаңа Конституция жобасы қоғамдық сұраныс пен мемлекеттік жаңғырудың үйлесімін тапқан құжат ретінде оң бағалауға лайық.                                                                                                                                                            

Алатау қаласының отбасын қолдау орталығының директоры
Кеңесбаева Ляйля

Другие новости

Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции

Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции

Состоялось собрание Фракции партии «AMANAT» в Мажи...

  17.03.2026   107
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады

«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады

Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумны...

  17.03.2026   85
Центральная комиссия референдума: новая Конституция принята

Центральная комиссия референдума: новая Конституция принята

В соответствии со статьями 31, 33 Конституционного...

  17.03.2026   71
Ковер из бабушкиных историй

Ковер из бабушкиных историй

С приближением Наурыза, многие казахские дома слов...

  17.03.2026   106
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.