Вторник, 17 Марта 2026

Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының зияткерлік және құндылықтық бағдары

Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының зияткерлік және құндылықтық бағдары

Ұсынылған жаңа Конституция жобасы – құқықтық нормаларды жаңартумен шектелмей, мемлекеттің даму бағытын құндылықтық әрі зияткерлік тұрғыдан қайта айқындайтын құжат. Оны әзірлеу барысында қоғамнан түскен ұсыныстардың ескерілуі Конституцияның мазмұнына қоғамдық қатысудың нақты ықпал еткенін көрсетеді.

Преамбуланың жаңаруы тарихи жадты, ұлттық бірегейлікті және болашаққа ортақ жауапкершілікті тұтас бір идеялық желіге біріктіреді. Бұл тәсіл Ата заңның идеологиялық маңызын арттырып, оны қоғамды топтастыратын іргелі құндылықтар жиынтығына айналдырады.

Жобада адами капитал, білім, ғылым және инновацияның стратегиялық басымдық ретінде көрініс табуы – ел дамуының жаңа сапалық моделіне көшудің айғағы. Мұнда экономикалық өсімнің негізгі факторы ретінде адамның білімі мен қабілеті алдыңғы орынға қойылған.

Құжаттың 11 бөлім мен 95 баптан тұратын құрылымы оның жүйелілігін, логикалық сабақтастығын және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, бұл жоба қоғамдық келісімді нығайтып, азаматтардың ел болашағына ортақ жауапкершілігін күшейтетін берік құқықтық негіз қалыптастырады.                                                    

Қоғамдық пікір көшбасшысы Жуманова Бақытгүл

Другие новости

Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции

Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции

Состоялось собрание Фракции партии «AMANAT» в Мажи...

  17.03.2026   107
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады

«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады

Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумны...

  17.03.2026   84
Центральная комиссия референдума: новая Конституция принята

Центральная комиссия референдума: новая Конституция принята

В соответствии со статьями 31, 33 Конституционного...

  17.03.2026   70
Ковер из бабушкиных историй

Ковер из бабушкиных историй

С приближением Наурыза, многие казахские дома слов...

  17.03.2026   105
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.