Пятница, 30 Января 2026

«Сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді» – Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасы туралы баяндады

«Сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді» – Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасы туралы баяндады

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы сот төрелігі жүйесіне, жергілікті басқаруға және Негізгі заңға өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты маңызды өзгерістер туралы баяндады.

Оның айтуынша, Конституцияның сегізінші бөлімі – «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» аясында сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілген.

Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, судьялардың тәуелсіздігі нығайды. сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді. Сондай-ақ адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Конституцияда нақты бекітілді.

«Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.  

Сонымен қатар ол Конституцияның жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелеріне арналған тоғызыншы бөлімі Құрылтайдың құрылуы және елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаны ескере отырып қайта қаралғанын айтты. Бірқатар нормалар нақтыланып, мемлекеттік басқарудың жаңа жағдайларына бейімделген.

«Бұл бөлімнің жаңартылуы мемлекет пен қоғамның жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылын тиімді етуге деген ұмтылысты көрсетеді», – деп нақтылады Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек, Бақыт Нұрмұханов Конституцияда жаңа, оныншы бөлімнің пайда болғанына назар аударды. Бұл бөлім Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібіне арналады. Сондай-ақ ол «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын он бірінші бөлімнің мазмұнына тоқталды.

Атап айтқанда, бұдан былай Конституцияға өзгерістер Президенттің шешімімен және тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана енгізіледі. Сонымен бірге референдум өткізу бастамасын көтеретін субъектілер қатарына Халық Кеңесін қосуды көздейтін норма қарастырылған.

Другие новости

Четкие контуры будущей Конституции

Четкие контуры будущей Конституции

Лидеры общественного мнения, эксперты в области эк...

  30.01.2026   42
Это не изменения устаревших правовых норм, это подлинно новая Конституция страны...

Это не изменения устаревших правовых норм, это подлинно новая Конституция страны...

Сегодня на шестом заседании Комиссии по конституци...

  30.01.2026   57
Конституция ближе к каждому

Конституция ближе к каждому

Меня зовут Темирлан Наурдинов, я из Казахстана, се...

  30.01.2026   44
Новый смысл – новый Основной закон

Новый смысл – новый Основной закон

Сегодня на шестом заседании Конституционной комисс...

  30.01.2026   48
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.