Вторник, 17 Марта 2026

Жаңа Конституция жобасы – қоғамдық келісім мен ұлттық дамудың берік іргетасы

Жаңа Конституция жобасы – қоғамдық келісім мен ұлттық дамудың берік іргетасы

Конституциялық комиссия ұсынған жаңа Конституция жобасы – елдің құқықтық жүйесін ғана емес, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті жаңа деңгейге көтеретін бастама. Құжатты әзірлеу барысында азаматтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар және сарапшылар пікірлерінің ескерілуі оның кең қоғамдық негізде қалыптасқанын көрсетеді.

Преамбуланың жаңаша мазмұнда ұсынылуы Конституцияның құндылықтық сипатын күшейтіп, өткен мен болашақты жалғайтын ортақ идеялық кеңістік қалыптастырады. Бұл – Ата заңның біріктіруші рөлін арттыратын маңызды қадам.

Адами капиталды, білім беру мен ғылымды стратегиялық басымдық ретінде белгілеу – мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағдарының айқын көрінісі. Бұл нормалар елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен азаматтардың зияткерлік әлеуетімен өлшенетінін нақтылайды.

Жаңа Конституция жобасы құрылымдық тұрғыдан да, мазмұндық тұрғыдан да жүйелі сипатқа ие. Ол мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың ел тағдырына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған құқықтық негізді қалыптастырады.                                                                                                                                        

Қоғамдық пікір көшбасшысы Нұрманбай Жансерік

Другие новости

Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции

Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции

Состоялось собрание Фракции партии «AMANAT» в Мажи...

  17.03.2026   108
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады

«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады

Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумны...

  17.03.2026   85
Центральная комиссия референдума: новая Конституция принята

Центральная комиссия референдума: новая Конституция принята

В соответствии со статьями 31, 33 Конституционного...

  17.03.2026   71
Ковер из бабушкиных историй

Ковер из бабушкиных историй

С приближением Наурыза, многие казахские дома слов...

  17.03.2026   106
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.