Пятница, 20 Марта 2026

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа (қоса алғанда) дейінгі балаларға арналған кезекті нысаналы талаптардың БЖЗҚ-ға есептелгенін хабарлайды.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан есептелді. 2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 АҚШ долларынан бөлінген болатын. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді.

Балаларға есептелетін сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақмерзімді инвестициялық табысының жартысынан және қордағы валюта активтерінің көлеміне қарай қалыптасады. Сонымен қатар алдыңғы жылдары балалар шотына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қор портфелінде инвестициялана береді, сол арқылы қосымша табыс әкеледі.

Инвестициялық табыстың көлемін ескергенде, үш жылдан бері бағдарлама іске асқалы жинақталған жалпы сома бір балаға 370,56 АҚШ долларын құрады. Тиісті ақпаратпен электронды үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында 2026 жылғы 31 қаңтарда танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz  
www.nationalbank.kz  

Другие новости

Соревнования с душой степи

Соревнования с душой степи

В сельских населенных пунктах Илийского района про...

  20.03.2026   94
Праздник для маленьких принцев и принцесс

Праздник для маленьких принцев и принцесс

Светлый, добрый праздник Наурыз встречают и в реаб...

  20.03.2026   95
Меткость асыков и крепость арканов

Меткость асыков и крепость арканов

В рамках празднования декады Наурызнама в городе Қ...

  20.03.2026   108
Традиции,  единство и  обновление

Традиции, единство и обновление

В рамках декады Наурызнама Областная центральная у...

  20.03.2026   103
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.