Среда, 01 Апреля 2026

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны тарихи қадам деп бағалады

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны тарихи қадам деп бағалады

Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 
Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылап, еліміздің саяси жаңғыру жолындағы тарихи қадам ретінде бірауыздан қолдау білдірді.

Жиынды ашқан партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев баяндама жасады. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы деп атады.

Бұл құжат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтайдың құрылуы партиялық жүйені жандандырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін жаңа деңгейде қорғауға жол ашады. Біз үшін басты байлық - табиғи ресурс емес, білімді, адал әрі бәсекеге қабілетті азамат, – деп атап өтті Серік Егізбаев.

Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша жарыссөздер жүргізіліп, спикерлер өз тұжырымдарын ортаға салды. Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев 145 депутаттан тұратын Құрылтайдың тарихи маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бір палаталы модель бюрократиялық кедергілерді жойып, билік тетіктерінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.

Партия ардагері Мынаутаубиік Әнесов Ата заңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен «Дін мемлекеттен бөлек» қағидатының нақтылануын жоғары бағалады.

Бұл нормалар ұлттық құндылықтарды қорғаудың құқықтық кепілі болмақ, – деді ол өз сөзінде.

Түркістан облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов пропорционалды сайлау жүйесі партиялық жауапкершілікті арттыратынын, ал вице-президент лауазымы мемлекеттік басқарудың сабақтастығын қамтамасыз ететінін жеткізді. Саяси кеңес мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Ольга Клишина заң шығару бастамасына ие болатын Халық кеңесінің рөлін ерекше атады. Ол бұл институтты билік пен қоғам арасындағы, әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді «алтын көпір» деп сипаттады.

Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа реформаның халықтық сипатына тоқталды. Ол Президенттің Конституциялық реформаны жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасын демократияның ең жоғарғы көрінісі деп атады.

Конституцияның жаңа редакциясында биліктің бірден-бір бастауы халық екені нақты бекітіледі. Референдум арқылы әрбір азамат мемлекет тағдырына тікелей ықпал ететін белсенді қатысушыға айналады. Бұл – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын әділетті жол, – деді ол.

Қостанай облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Динара Ахметова әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның сақталуының маңыздылығын атап өтіп, мұны ауыл лидерлері үшін нақты «әлеуметтік лифт» деп бағалады. Жиын соңында «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы мен партияластарға ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге, оны жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жандандыруға және шындыққа жанаспайтын арандатушылық жарияланымдардың жетегінде кетпеуге шақыратын Үндеу қабылдады.

Другие новости

Три месяца без зарплаты: Рабочие в Алатау добились первых выплат после обращения в «AMANAT»

Три месяца без зарплаты: Рабочие в Алатау добились первых выплат после обращения в «AMANAT»

В городе Алатау Алматинской области более 100 сотр...

  31.03.2026   113
Права собственников остаются в приоритете: Минюст о норме новой Конституции, запрещающей выселять из жилья без судебного решения

Права собственников остаются в приоритете: Минюст о норме новой Конституции, запрещающей выселять из жилья без судебного решения

Одной из значимых новелл новой Конституции, принят...

  31.03.2026   113
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасы Үкіметі ЮНЕСКО және ИСЕСКО...

  31.03.2026   110
Правительство утвердило Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО и ИСЕСКО на 2026–2028 годы

Правительство утвердило Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО и ИСЕСКО на 2026–2028 годы

Правительство Республики Казахстан утвердило Компл...

  31.03.2026   110
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.