Среда, 26 Августа 2026

Отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор

Отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор

Қазіргі таңда жас ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіпке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу – мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі. Осы бағытта жалпы білім беретін мектептерде құрылған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныптары өскелең ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, әскери қызметке қызығушылықты және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мен әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Қызметтік кинология басқармасы тарапынан «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныптарымен жүйелі түрде жұмыс ұйымдастырылуда. 
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау ісіне деген қызығушылығын арттыру, шекара қызметінің беделін көтеру және болашақта әскери мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру. Бұл жұмыстар білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. 
Кездесулер барысында оқушыларға шекара қызметінің, оның ішінде қызметтік кинология саласының ерекшеліктері, қызметтік иттердің шекараны күзетудегі рөлі мен маңызы туралы кеңінен ақпарат беріледі. Қызметтік кинология басқармасының әскери қызметшілері жасөспірімдерге қызметтік иттерді даярлау, оларды қолдану бағыттары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 
Кәсіби бағдар беру аясында оқушыларға әскери оқу орындары, шекара қызметіндегі кинолог мамандығының артықшылықтары мен болашағы туралы мәлімет ұсынылады. Бұл жұмыстар жас шекарашылардың бойында әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруға оң әсерін тигізуде.
Жалпы, Қызметтік кинология басқармасы тарапынан «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныптарымен жүргізіп жатқан жұмыстар өскелең ұрпақты Отанын қорғауға дайын, тәртіпті және жауапкершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған.

Дарын Мырзагулов,
ҚР ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасының қызметкері.

Другие новости

Командиры саперных подразделений прошли сборы

Командиры саперных подразделений прошли сборы

На базе Центра разминирования Конаевского гарнизон...

  25.08.2026   93
Асусай – на бдительной охране

Асусай – на бдительной охране

Пограничная линия со стороны может казаться окутан...

  20.08.2026   210
Силы воздушной обороны: 28 лет на страже мирного неба

Силы воздушной обороны: 28 лет на страже мирного неба

18 августа – День Сил воздушной обороны, которые н...

  18.08.2026   143
Между Кольсаем и облаками

Между Кольсаем и облаками

Он учился в Испании, говорит на пяти языках и мечт...

  17.08.2026   203
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.