Понедельник, 02 Ноября 2026

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт киіммен қамтамасыз етудің жаңартылған тәсілі іске асырылып жатқанын хабарлайды.

Биыл спортшыларды киіммен қамтамасыз ету спорт маусымы бойындағы барлық қажеттіліктерді толық қамтитын жаңартылған тәсілдер негізінде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жарысқа арналған формамен қатар, спортшыларға жаттығу үдерісі мен жарысқа дайындыққа қажетті киімдер де беріледі.

Бұған дейін қамтамасыз ету ішінара сипатта болған. Мысалы, жазғы спорт түрлері тек жазғы киіммен ғана қамтылатын. Ал биыл әрбір спортшыға қысқы және жазғы жиынтықты қамтитын толық киім кешені ұсынылды.

Экипировка халықаралық Under Armour брендімен жасалған келісім аясында жеткізілуде. Жиынтық құрамына спорттық киімнің негізгі элементтерін қамтитын 18 түрлі атау кіреді. Атап айтқанда, үш аяқ киім, төрт спорттық костюм, үш жейде, қыстық сыртқы киім, кеудеше және тағы басқа спортшыға ең қажетті киімдер бар.

“Мемлекетіміздің үлкен қолдауының арқасында спортшыларға әлемдік брендтің сапалы спорт киімдері беріліп жатыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Бұрын жазғы спорт түрлеріне тек жаздық, ал қысқы спорт түрлеріне тек қыстық киім ғана берілетін. Қазіргі таңда спорт түрлеріне бөлмей, барлығымызға бірдей жаздық та, қыстық та киімдер ұсынылуда. Бұл бастама, бір жағынан, бізді біріктіріп, ортақ рух қалыптастыруға ықпал етеді. Енді Қазақстанның барлық спортшылары бірыңғай формада өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғауға тырысады”, - дейді дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев.

Қазіргі таңда форма жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, семсерлесу, шорт-трек және өзге де спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бірқатарына табысталды.
Экипировка бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды.

Аталған тәсілді енгізу ұлттық құрамалар спортшыларына дайындық үшін тең әрі сапалы жағдай жасауға және олардың халықаралық аренадағы нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

Другие новости

Разбег на крыльях до неба

Разбег на крыльях до неба

Вячеслав Сыпченко вовсе не собирался становиться п...

  30.10.2026   232
Сильный характер, воля к победе и уважение к национальным традициям

Сильный характер, воля к победе и уважение к национальным традициям

Завершился чемпионат республики Казахстан по қазақ...

  30.10.2026   186
Курорт «Oi-Qaragai» признан лучшим курортом СНГ

Курорт «Oi-Qaragai» признан лучшим курортом СНГ

Горный курорт «Oi-Qaragai» официально удостоен зва...

  29.10.2026   279
От дворовых площадок — к большим победам

От дворовых площадок — к большим победам

Большой спорт начинается с малого: с первой тренир...

  28.10.2026   168
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.