Среда, 30 Сентября 2026

Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституция жобасын талқылады

Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституция жобасын талқылады

Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру мақсатында партия активімен кездесу өткізді.

Жиын барысында Конституция жобасының негізгі баптары жөнінде түсінік беріліп, Қазақстан Халық партиясының ұстанымы ортаға салынды. Сондай-ақ конституциялық өзгерістерді жүзеге асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөлі туралы айтылды.

Іс-шарада Қазақстан Халық партиясы БҚО филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Борис Лаврентьев сөз сөйлеп, конституциялық реформаның елдің қоғамдық және саяси өміріндегі маңызды оқиға екендігіне тоқталды. Ол Қазақстан Халық партиясының Конституцияның жаңа жобасын қолдайтындығын, мұны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын жүзеге асырудағы және «Әділетті Қазақстан» құрудағы заңды кезең ретінде қарастыратынын атап өтті.

— Конституция — мемлекеттің іргетасы. Сондықтан ол уақыт ағынына төтеп беретіндей берік, сонымен қатар жаңа өмірге бейімделетіндей икемді болуы қажет. 2026 жылғы реформа жан-жақты ойластырылған және болашақ жаңартуға бағытталған осындай нақты үлгі болды. Соның ішінде бір палаталы Парламент құру негізгі шешімдердің біріне айналды. Бұл қадам заң шығарудың тиімділігін арттыруға, бюрократиялық кедергілерді қысқартып, ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауды жеделдетуге бағытталған. Бір палаталы құрылым Парламент жұмысын барынша ашық, азаматтар үшін барынша түсінікті қылып, қоғамның нақты сауалдарына бейімделуіне мүмкіндік береді. Ауқымды тез өзгерістер жағдайында мұндай үлгі мемлекеттің табысты дамуы үшін қажетті икемділік пен жеделдікті қамтамасыз етеді. Бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсыныс Қазақстан Халық партиясының бағдарламасында жазылған, — деді Б.Лаврентьев.

Кездесуге қатысқан Қазақстан Халық партиясының мүшелері Әліби Оразов, Арман Мырзахметов қоғамның дамуына байланысты өзгерістер қажеттігін айтып, партияластарын Конституция жобасын қолдауға шақырды.

 

Другие новости

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е...

  30.09.2026   93
В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   166
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   135
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   184
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.