Четверг, 02 Апреля 2026

Жаңа Конституция – әділетті және тұрақты Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – әділетті және тұрақты Қазақстанның негізі

Жыл басы еліміз үшін бірқатар тарихи оқиғалармен есте қалды. Солардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – арнайы Комиссияның жұмысы аясында әзірленіп, қоғам талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасы.

Бүгінде бұл құжатты өңірлерде ашық әрі жан-жақты түсіндіру айрықша маңызға ие. Себебі Конституция жобасы еліміздегі қазіргі саяси және экономикалық өзгерістерді айқын көрсетіп, Қазақстанның алдағы даму бағытын айқындайтын жаңа бағдарларды бекітеді.

Менің ойымша, бұл – болашаққа бағытталған, прогрессивті жоба. Онда адам капиталына ерекше мән беріліп, мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі өзегі ретінде қарастырылған. Құжатта мемлекет қызметінің ұзақ мерзімді әрі жүйелі бағыты нақты айқындалады.

Атап айтқанда, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты тетік ретінде көрініс тапқан. Бұл басқару үлгісі билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін сақтай отырып, халық алдындағы жауапкершілікті күшейтеді.

Өңірлерде конституциялық реформаны қолдау белсенді түрде жүріп жатыр. Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің басты басымдығы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау екені нақты көрсетілген. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік ел дамуының негізгі факторы ретінде айқындалған. Бұл – қоғамды біріктіретін, жауапты әрі жасампаз патриотизм қағидаттарын нығайтатын маңызды қадам.

Мен үшін аса маңыздысы – жаңа Конституция жобасында мемлекеттің орнықты дамуына баса назар аударылуы. Бұл Қазақстан халқының, әрбір азаматтың ел үшін стратегиялық ресурс екенін мойындау деген сөз. Яғни, мемлекет дамуының түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, болашақ ұрпақ үшін берік әрі әділетті қоғам қалыптастыру.

Жаңа Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтып, Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын маңызды құжат.

AMANAT ПАРТИЯСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СЕРІК КЕҢЕСҰЛЫ ДУМЧИБАЕВ

Другие новости

Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

В городе Конаев состоялось заседание Координационн...

  02.04.2026   74
Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Ма...

  02.04.2026   79
Канат Есболатов проинспектировал ряд объектов в городе Қонаев

Канат Есболатов проинспектировал ряд объектов в городе Қонаев

Первый заместитель акима Алматинской области Канат...

  01.04.2026   174
Права собственников остаются в приоритете: Минюст о норме новой Конституции, запрещающей выселять из жилья без судебного решения

Права собственников остаются в приоритете: Минюст о норме новой Конституции, запрещающей выселять из жилья без судебного решения

Одной из значимых новелл новой Конституции, принят...

  31.03.2026   224
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.