Пятница, 22 Мая 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ - ЖАҢА КЕЗЕҢ БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ - ЖАҢА КЕЗЕҢ БАСТАУЫ

Елімізде қызу талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасы саяси жүйеңі формалды жаңартудан гөрі, оның мазмұнын терең трансформациялауға бағытталған құжат ретінде ерекшеленеді. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған түзетулер көлемі Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтуы бұл өзгерістердің жүйелік сипатын айқын көрсетеді.
Реформаның саяси өзегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бірпалаталы Парламент моделіне тіреледі. Бұл шешім заң шығару процесін оңтайландырумен қатар, билік институттарының жауапкершілігін арттыруды көздейді. 145 депутаттан тұратын Құрылтайды пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру партиялардың рөлін күшейтіп, саяси бәсекені институционалдық арнаға бағыттайды.
Сараптамалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, жаңа Конституцияның ең маңызды тұсы – адам құқықтарын бүкіл құқықтық жүйенің өзегіне айналдыруы. Адам құқықтары мен бостандықтарының Преамбулада негізгі басымдық ретінде бекітілуі мемлекеттің «билікке бағдарланған» моделінен «адамға бағдарланған» модельге бет бұрғанын білдіреді. Қаралып отырған тәсіл халықаралық құқықтық стандарттармен де толық үйлеседі.
Институционалдық жаңалықтардың қатарында Вице-президент институтының енгізілуі саяси сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырылған. Ал Қазақстанның Халық Кеңесінің құрылуы азаматтық қоғамның шешім қабылдау процесіне ықпал ету мүмкіндігін кеңейтпек.
Жаңа Ата Заң жобасында цифрлық құқықтарға ерекше мән берілуі де назар аударарлық. Азаматтардың құқықтарын цифрлық кеңістікте қорғау нормасының енгізілуі Қазақстанның цифрландыруды тек технологиялық емес, құқықтық құбылыс ретінде қабылдай бастағаны, сонымен бірге, білім, ғылым және инновацияны негізгі басымдық ету – ел дамуының ресурстық емес моделіне көшуінің құқықтық негізі.
Сөзімді қорытындылай келе айтарым, жаңа Конституция жобасы Қазақстанның тарихи сабақтастығын сақтай отырып, саяси жүйені қазіргі заман талаптарына бейімдеуге бағытталған. Бұл реформа билік пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің құқықтық негізін қалыптастырады. Жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстан халықтарының  референдумдағы таңдауына байланысты болмақ.

Гульзира Еркебаева,
Ақсай ауылдық аналар кеңесінің төрағасы Іле ауданы

Другие новости

В Алатау состоялась встреча на тему «Новая Конституция – прочная основа межэтнического согласия»

В Алатау состоялась встреча на тему «Новая Конституция – прочная основа межэтнического согласия»

21 мая 2026 года в средней школе №7 города Алатау...

  21.05.2026   136
Белгілі қаламгер Сәуле Досжанмен кездесу өтті

Белгілі қаламгер Сәуле Досжанмен кездесу өтті

Алматы облысының Ұйғыр ауданында белгілі қаламгер...

  21.05.2026   146
Состоялась встреча с известной писательницей Сауле Досжан

Состоялась встреча с известной писательницей Сауле Досжан

В Уйгурском районе состоялась встреча с известной...

  21.05.2026   137
Алматинская область привлекает международные кинопроекты

Алматинская область привлекает международные кинопроекты

В Алматинской области известная южнокорейская кино...

  21.05.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.