Суббота, 07 Февраля 2026

Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық қоғамның жаңа мән-мағынасы мен құндылықтарын қалыптастыру

Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық қоғамның жаңа мән-мағынасы мен құндылықтарын қалыптастыру

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық қоғамның жаңа мән-мағынасы мен құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті.
Іс-шараны Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырды. Талқылау жаңа Конституция жобасын жан-жақты талдау, ғылыми қауымдастық өкілдері мен Конституциялық комиссия мүшелері арасында пікір алмасу, сондай-ақ қазіргі заманғы конституциялық өзгерістерді түсіндіру және бағалау тәсілдерін айқындау алаңы болды.
Талқылауға ғылыми қауымдастық өкілдері, сарапшылар және Конституциялық комиссия мүшелері қатысты. Қатысушылар жобаның негізгі ережелерін, соның ішінде халықаралық және ұлттық құқық арасындағы үйлесімділік, реформалардың гуманитарлық және құндылықтық аспектілері, азаматтық қатысу механизмдерін дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту мәселелерін қарастырды.
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Анар Фазылжанова «Реформалардың гуманитарлық өлшемін және мәдени-идентификациялық факторларды ескеру қоғамдық дамудың сабақтастығын сақтауға және құндылықтық бағдарларды нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті.
Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Шолпан Джаманбалаева Конституция жобасында әртүрлі әлеуметтік топтардың және азаматтық қоғам институттарының мүдделерін ескеруге арналған механизмдер қарастырылғанын айта кетті.
Институттың Әлемдік және қазақ философиясы орталығының жетекшісі Серік Нұрмұратов Жобаны талқылау қоғамның жоғары қызығушылығын танытқанын және тұрақты конституциялық нормаларды сақтау маңызды екенін қоса айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасы елдің құқықтық дамуының сапалы жаңартылған моделін қалыптастыратынын атап өтіп, конституциялық реформаны мемлекеттің және қоғамның жаңғыруындағы маңызды кезең ретінде қолдады.

Философия, саясаттану және
дінтану институтының
баспасөз қызметі

Другие новости

Руководитель Национальной сети волонтерства предложила закрепить поощрение волонтерства в новой Конституции

Руководитель Национальной сети волонтерства предложила закрепить поощрение волонтерства в новой Конституции

В Казахстане необходимо на конституционном уровне...

  07.02.2026   98
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғыз...

  07.02.2026   101
Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұ...

  07.02.2026   92
Казахстанцы не могут иметь двойного или множественного гражданства - в проект новой Конституции внесли уточнение

Казахстанцы не могут иметь двойного или множественного гражданства - в проект новой Конституции внесли уточнение

На очередном заседании Конституционной комиссии за...

  07.02.2026   98
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.