Воскресенье, 05 Апреля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ТАЛҒАР ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ТАЛҒАР ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы Талғар жоғарғы медициналық колледжі  студенттерімен кездесу өткізді.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Коалиция өкілдері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу және кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау нормаларына тоқталды.

Коалиция мүшесі Нұргүл Тау жастардың ел болашағын айқындайтын тарихи кезеңге куә болып отырғанын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасы билікті жеке тұлғаға тәуелді етуді емес, институттарды күшейтуді көздейді. Бір реттік жеті жылдық мерзім мен саяси шектеулер – тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Бұл реформалар болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады», – деді ол.

Кездесу барысында студенттер сұрақ қойып, пікір алмасты.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

В Министерстве науки и высшего образования РК веде...

  04.04.2026   197
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары о...

  04.04.2026   187
Команда больших перемен

Команда больших перемен

Под эгидой Алматинского областного филиала партии...

  03.04.2026   281
Перспективы сельского развития

Перспективы сельского развития

Самые острые вопросы в аграрной повестке сегодня -...

  03.04.2026   278
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.