Суббота, 11 Апреля 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №8 ОРТА МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫМЕН ҚҰЙҒАН ЫҚШАМАУДАНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №8 ОРТА МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫМЕН ҚҰЙҒАН ЫҚШАМАУДАНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Құйған ықшам ауданындағы №8 орта мектептің педагогикалық ұжымымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.  

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның ең басты ерекшелігі – адамды, оның өмірі мен құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екенін атап өтті. Бұл қағидат Преамбулада және 1-бапта нақты көрсетілген.

 «Білім саласының қызметкерлері үшін жаңа Конституцияда маңызды кепілдіктер қарастырылған. 33-бапта мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті. Бұл – әрбір қазақстандық баланың мектеп табалдырығын аттауына мемлекет кепілдік береді деген сөз», – деді коалиция мүшесі Роза Абилова.  

Мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Другие новости

Статус научных знаний вырос

Статус научных знаний вырос

Новая Конституция впервые прямо закрепила то, о че...

  10.04.2026   131
Реальный фактор развития страны

Реальный фактор развития страны

В выступлении Главы государства Касым-Жомарта Тока...

  10.04.2026   123
Где кончается вседозволенность

Где кончается вседозволенность

В выступлении Президента Касым-Жомарта Токаева на...

  10.04.2026   116
Все условия для пытливого ума

Все условия для пытливого ума

Президент страны Касым-Жомарт Токаев, поздравляя у...

  10.04.2026   95
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.