Пятница, 09 Октября 2026

Коалиция өкілдері «Қоғамдық келісім және даму орталығы» ұжымымен жүздесті

Коалиция өкілдері «Қоғамдық келісім және даму орталығы»  ұжымымен жүздесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қаскелең қаласындағы «Қоғамдық келісім және даму орталығы»  еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде коалиция өкілдері 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшеліктерін баяндады. Атап айтқанда, адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуі, әлеуметтік кепілдіктердің толық сақталуы, еңбек құқықтарының қорғалуы, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту және жердің халыққа тиесілі екендігі.
«Жаңа Конституция – тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Бұл заң жобасы жарты жыл бойы сарапшылар мен қарапайым азаматтардың қатысуымен талқыланды. Енді сөз кезегі халықта», – деді коалиция мүшесі Константинова Елена Владимировна.
Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді. Ұжым өкілдері кездесу үшін алғыс айтып, алдағы референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   26
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   105
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   101
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   103
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.