Коалиция өкілдері Қаскелең қаласындағы "Жайлы ортақ" мектібінің еңбек ұжымымен жүздесті
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қаскелең қаласындағы "Жайлы ортақ" мектібінің педагогтерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы құқықтық тепе-теңдік тетіктерін түсіндірді.
Кездесуде тәуелсіз Конституциялық Соттың құрылатыны және оның заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін тексеру құзыретіне ие болатыны айтылды.
«Конституциялық Сот – құқық үстемдігінің негізгі тірегі. Ол қабылданатын заңдардың Конституцияға сәйкестігін бағалап, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етеді. Бұл – саяси шешімдердің құқықтық сүзгіден өтуін қамтамасыз ететін маңызды институт», – деді коалиция мүшесі Карбозова Бигайша.
Кездесу соңында педагогтер референдумның елдің құқықтық болашағын айқындайтын маңызды кезең екенін атап өтті.





