Суббота, 10 Октября 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ШИН-ЛАЙН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ШИН-ЛАЙН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданы Байсерке ауылдық округінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы мүшелерінің қатысуымен кезекті кездесу ұйымдастырылды. Бұл жолы жұмысшы топ мата өнімдерін өндіретін «ШИН-ЛАЙН» компаниясына  барып, ұжыммен жүздесті.

Басқосу барысында Конституцияның жаңа жобасы таныстырылып, референдумның ел болашағы үшін маңызы кеңінен түсіндірілді. Жұмысшы топ өкілдері ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге және әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Мухит Карибаев өз сөзінде Конституциялық реформалардың стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
«Бұл өзгерістер – елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын қадамдар. Жаңа нормалар басқару тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті нақтылай түседі. Әр азаматтың дауысы естілуі тиіс», – деді.

Ал Тлеукен Отыншықызы еңбек ұжымдарының пікірін тыңдаудың маңыздылығына тоқталды.
«Кәсіпорындар – экономиканың тірегі. Сондықтан өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың көзқарасы біз үшін маңызды. Конституциялық өзгерістердің мәнін түсініп, белсенділік таныту – ортақ болашағымызға қосқан үлес», – деді коалиция мүшесі.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен жиын қатысушылардың Конституциялық өзгерістерге қатысты түсінігін арттырып, референдумға саналы түрде қатысуға шақырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да қаладағы түрлі еңбек ұжымдарында жалғасын табады.

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   126
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   126
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   118
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   127
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.