Пятница, 09 Октября 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ПЕРВОМАЙСКИЕ ДЕЛИКАТЕС» ЖСШ ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ПЕРВОМАЙСКИЕ ДЕЛИКАТЕС» ЖСШ  ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясын түсіндіру коалициясының мүшелері – Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданындағы «Первомайские деликатесы» өндірісінің қызметкерлерімен кездесті.

Спикер Алматы облыстық «Respublica» партиясы төрағасы Ержан Дуйсекенов өндіріс қызметкерлеріне Конституция еңбек етушінің демалу және қалпына келу құқықтарын қорғайтынын түсіндірді. Демалысқа, белгіленген жұмыс уақытына, демалыс күндеріне және жалақылы еңбек демалысына құқық конституциялық деңгейде бекітілген. Бұл шексіз ауысымдар, ақысыз қосымша жұмыс және «өндірістік қажеттілік» ұранымен қысым көрсету тәжірибесін болдырмайды деген сөз. Мемлекет мойындайды: еңбек етуші адамға қалпына келу, отбасы мен денсаулығына уақыт бөлу керек. Экономика қызметкерлердің физикалық және психологиялық шаршауы есебінен дами алмайды.

Роза Абилова өз Жаңа Конституция еңбекті құқық және құндылық ретінде, ал қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын мемлекет міндеті ретінде бекітеді. Жаңа Конституцияның 27 және 31-баптарына сәйкес әр адам еңбек етуге, өз қызмет саласы мен кәсібін ерікті таңдау құқығына ие. Бұл еңбек еріктілігі принципін бекітіп, кез келген мәжбүрлеу түрін болдырмайды, азаматтарға өз кәсіби бағытын өздігінен анықтау мүмкіндігін беретінін айтты.

Азаматтарға еңбек қауіпсіздігі мен гигиена талаптарына сәйкес жағдай жасау құқығы кепілдендірілген, бұл жұмыс берушілер мен мемлекетке еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттарды азайту және қызметкерлердің денсаулығын сақтау міндетін жүктейді. Конституция сонымен қатар жынысына, жасына, ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне немесе басқа да жағдайларға қарамастан, еңбегі үшін әділ төлемді кепілдендіреді. Бұл тең еңбек үшін тең ақы төлеу және қызметкерлердің еңбек құқықтарын заңсыз шектеулерден қорғаудың құқықтық негізін қалыптастырады.

Кездесу нәтижелі өтті, ашық диалог форматында өтті. «Первомайские деликатесы» өндірісінің
қызметкерлері жаңа Конституцияның нормаларын жақсы білетіндерін көрсетті.

Другие новости

Право на чистый берег

Право на чистый берег

Стихийная свалка в овраге, грузовики, которые прие...

  09.10.2026   50
На шаг впереди преступления

На шаг впереди преступления

В Алматинской области усиливается работа по предуп...

  09.10.2026   92
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   147
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.