ІЛЕ АУДАНЫ БОРАЛДАЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Боралдай кентінің әкімі қызметіне Ортыбаев Қайрат Әуелханұлы тағайындалды.
Жаңа әкімді тағайындау туралы шешім Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданды. Сайлау барысында Қайрат Ортыбаев Боралдай кенті сайлаушыларының 66,5 пайызының қолдауына ие болды.
Қайрат Әуелханұлы 1986 жылы дүниеге келген. 2010 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Іле аудандық спорт және дене тәрбиесі бөлімінде жетекші маман ретінде бастаған. 2014–2021 жылдары аталған бөлімнің басшысы қызметін атқарды. 2021 жылы Энергетикалық ауылдық округі әкімінің орынбасары болды. Ал 2023 жылдан осы уақытқа дейін Қараой ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
Боралдай – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік орны бар алдыңғы қатардағы елді мекендердің бірі. Сондықтан жаңа әкімнің алдында кент тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды міндеттер тұр.
Қайрат Әуелханұлының мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі жаңа қызметінде де кәдеге жарап, Боралдай кентінің дамуына серпін береді деген сенім бар. Жаңа әкімге жауапты қызметінде сәттілік, жұмысына табыс тілейміз.






