Понедельник, 02 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ALATAU PUBLIC UTILITIES ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ALATAU PUBLIC UTILITIES ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы «Alatau Public Utilities» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Сарипов Айдар. 
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

Идея креативного директора

Идея креативного директора

В селе Отеген батыр в торговых залах магазинов эле...

  02.03.2026   68
Коалиция мүшелері ТОО «ПК АЛТЫН ТАГА» қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ТОО «ПК АЛТЫН ТАГА» қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  02.03.2026   74
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  02.03.2026   90
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №3 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №3 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  02.03.2026   82
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.