Вторник, 29 Сентября 2026

Коалиция мүшелері ТОО «ПК АЛТЫН ТАГА» қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ТОО «ПК АЛТЫН ТАГА» қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Жібек Жолы ауылындағы ТОО «ПК АЛТЫН ТАГА» еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшесі Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы.

Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   119
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   115
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   168
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   172
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.